Жаңалықтар

       Бүгін  Шымкент қаласында Оқу ордамызды  таныстыру мақсатында, Маркетинг және  мансап  департаментінің қызметкерлері  мен Факультет жауаптылары  Қазақстан кәсіптік бағдар берушілер қауымдастығы "Alpha Academy" білім беру гранттары орталығы ұйымдастырған көрмеге қатысты. Бұл көрменің мақсаты - мектеп бітіруші түлектердің білім алу жолында  өзі қалаған  Оқу орнын таңдаудағы дұрыс  бағыт-бағдар алуына жол көрсету. Ал біздің 85жылдық тарихы бар Ұстаздар ұстаханасына айналған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ,  Оңтүстік өңірде білікті мамандар дайындау жолында алдыңғы қатарлы Оқу ордасы екені белгілі. Бүгінгі көрмеде Маркетинг және мансап департаменті директорының орынбасары  Ерназарова Мария Бақытжанқызы және тәжірибелі мамандар Төлепбергенова  Алмаш пен Сатымкулова Назерке бітіруші түлектерге  білім алу жолында дұрыс бағыт-бағдар берді.Сонымен қатар, факультет бойынша кәсіптік бағдарға жауапты оқытушыларымыз да атсалысты.

 

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫНА ОҚМПУ ГРАНТЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдығына орай, 2022 жылдың 23 қарашасында Қазығұрт аудандық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты ҚР ҰҒА академигі Өнер Жамалов атындағы ЖОББМ-нде Математика пәнінен 11-сынып оқушылары арасында ОҚМПУ түлегі математик Нұрғали Исабаев атындағы аудандық олимпиада өтті. Олимпиадаға    Қазығұрт ауданындағы 45 мектептің оқушылары қатысты.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша “Бас жүлдені” иеленген Кенен Әзірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Нұрқұл Біржан Әріпбайұлына “ОҚМПУ гранты” сертификатын ОҚМПУ Басқарма төрағасы- ректор Г.Д.Сүгірбаеваның атынан Маркетинг және мансап департаментінің директоры, Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ғ.Ш.Битұрсын табыс етті.

  

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ  МІНДЕТТЕРІ БАЙЫППЕН ТҮСІНДІРІЛДІ.

2022 жылдың 17 қарашасында ОҚМПУ-да Маркетинг және мансап департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының менеджері Мария Сагитжановна Байсеркешованың  қатысуымен 2023 жылғы университет бітіруші түлектерге (бакалавр, магистратура, PhD доктарантура) ҚР «Білім туралы заңының 47 бабының 17-тармағына және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген (толықтыруларды қоса алғанда) жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, жұмысты өтеу міндеттері өте жоғары деңгейде түсіндірілді.

Университет ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева кездесуге келген қонақтарды және бітіруші түлектерді ОҚМПУ-дың 85 жылдық мерейлі датасымен құттықтап, осы оқу жылындағы бітіруші түлектер Жаңа Қазақстанның алғашқы жас мамандары екендігін атап өтті.

Кездесу барысында бітіруші түлектер тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Кездесу нәтижесі бойынша арнайы хаттама түзіліп,  «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамына жолданды.

 

 

     

  2022 жылдың 9 қарашасында Шымкент қаласы А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының оқушылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде кәсіптік бағдар бойынша өздеріне керекті мағлұмат алып, университеттің ішкі құндылықтарымен танысты. Университет ішінде кітапхана, робототехника кабинеті, асхана, спорт зал, coworking орталығы мен жатақхана орындарын аралады. Университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ғ.Ш. Битұрсын бітіруші түлектерге қабылдау комиссиясына қатысты толық ақпарат берді. Университетте дайындалатын білім беру бағдарламалары бойынша  шекті балдарын айтып, қабылданғаннан кейін білім алушыларға қарастырылатын жеңілдіктер туралы атап өтті. Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімінің маманы университетіміздің тағы бір артықшылығы саналатын академиялық ұтқырлық  бағдарламасы аясында мағлұмат берді. Оқушылар Польша, Германия, Португалия, Болгария, Венгрия, Латвия, Түркия тағы басқа шетелдік және отандық жетекші оқу орындарында  білім алу  мүмкіндіктері туралы ақпаратпен танысты.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

           «Қаржы орталығы» АҚ 08.11.2022 жылғы №02-2/5814 хатына сәйкес, Маркетинг және мансап департаменті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаменті өкілдерінің қатысуымен  мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы негізінде білім алып,  2023  жылы бітіретін университет  түлектеріне Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының                      47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің          2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен (ҚР Үкіметінің 01.06.2021 №365) бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, жұмысты өтеу міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары бойынша кездесу өтетіндігін хабарлайды.  

Өтетін күні: 17.11.2022 жыл.

Уақыты: Бакалавр бойынша  сағат- 10:00

               Магистратура бойынша  сағат- 14:00

Өтетін орны: Бас ғимарат, үлкен конференция залы.

 Ескерту: Мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы негізінде оқитын  бітіруші түлектерінің түгел (100%) қатысуы міндетті. Жауапты факультет декандары.

«БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2022»

2022 жылдың 20 мамырында 85 жылдық тарихы бар, «Ұстаздар ұстаханасы» атанған,  республикамызға білікті педагог мамандар дайындап шығаратын оңтүстік өңірдегі тұңғыш жоғары оқу орны – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2022 жылғы бітіруші түлектерді жұмысқа бөлу мақсатында «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2022»  Республикалық жұмыс берушілер форумы өте жоғарғы деңгейде өтті.

       Форум шымылдығын университет ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева ашты. Гүлжан Дәулетбекқызы өз сөзінде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғаннан кейін педагог мәртебесінің артып, педагог мамандарға деген көзқарастың түбегейлі өзгергені туралы және мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп жатқандығын атап өтіп, болашақ жас педагогтарға жарқын болашақ тіледі.

Форумда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жастарды қолдауға соның ішінде педагог мамандарды жұмыпен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларының аясында  Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің "Халықты Жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Әсет Шағдат Әсетұлы баяндама жасап, түсінідіріп берді.

Форумның ең маңызды көрінісі әрі жемісі ретінде 2022 жылғы түлектер арасында Түркістан облысы бойынша 10 түлекке, Шымкент қаласы бойынша  10 түлекке, республикамыздың өзге аймақтары бойынша 10 түлекке жұмысқа орналасу үшін арнайы Жолдама берілді. Жолдаманы Түркістан облысы бойынша адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары А.М. Садықова, Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары  Г.С. Нахбаева, ОҚМПУ ректоры Г.Д.Сүгірбаева табыстады.

     Сонымен қатар, 2020 жылдан бері университетпен кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмыспен қамту мақсатында екі жақты меморандумдар жасап, тұрақты түрде ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқан жұмыс берушілер әрі ОҚМПУ түлегі болып саналатын Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлына, Түркістан облысы Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмағанбетқызына, Түркістан облысы Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің директоры Аппазов Айдос Кенжеханұлына, Шымкент қаласының «Ақпараттық коммуникациялық орталығы» КММ директорының орынбасары Әлімқұлов Нүркен Құрманұлына  ОҚМПУ-дың  төсбелгісі табысталды.

       Форумға Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы 130-ға тарта білім беру мекемелерінен 160 тан астам жұмыс берушілер кадр бөлімінің мамандарымен бірге келіп, іс-шараға портфолиомен келген ОҚМПУ түлектеріне жұмысқа қабылдауға ұсыныстар жасады.

2022 жылы ОҚМПУ-ды 1516 түлек бітіріп шығатын болса, университет түлектеріне республикамыздың білім беру мекемелерінен 3573 сұраныс ресми түрде келіп түсіп, тіркелді. Бұл сұраныс ОҚМПУ түлектерінің біліміне деген жоғары көзқарасты танытады.

Ұйымдастырушы: Кәсіптік бағдар және  мансап орталығы

   

2022 жылдың 8 сәуірде Кәсіптік бағдар және мансап орталығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығы АҚ арасында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы негізінде білім алып, 2022 жылы бітіретін (бакалавр, магистратура және докторантура)  түлектеріне Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен (ҚР Үкіметінің 01.06.2021 №365) бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, 3 жылдық жұмысты өтеу міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары онлайн форматта okmpu.kz инстаграмм парақшасында жүргізіледі. Модераторлар: Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы   Ғ.Ш. Битұрсын, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры А.Н. Жылысбаева. Спикерлер: Қаржы орталығы АҚ өкілі Байсеркешова Мария Сагитжановна, Капбарова Салтанат Осербайқызы.

 

 

2022 жылдың 31 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Кәсіптік бағдар және мансап орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы негізінде білім алып,  2022  жылы бітіретін түлектерге Қазақстан Республикасы «Білім туралы»  Заңының 47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен (ҚР Үкіметінің 01.06.2021 №365) бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, 3 жылдық жұмысты өтеу міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы Ғ.Ш. Битұрсын 2022 жылы бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, жұмысты өтеу жөніндегі түсіндірме жұмыстарына ерекше тоқталып өтті. Бітіруші түлектерді толғандырған түрлі сұрақтарға және аталмыш заң талаптарына сәйкес жұмысты өтеуден босату негіздері туралы да егжей-тегжейлі жауап берді. Бітіруші түлектер толыққанды жауаптар алды. Жаратылыстану факультеті, Филология факультеті және Өнер және білім факультеттерінің декандары мен жауапты тұлғалар сонымен қатар 300 бітіруші түлектер қатысты. Жаратылыстану факультетінің деканы А.Т. Сәулембаев, Филология факультетінің деканы Э.Б. Оразбаева және Өнер және білім факультетінің деканы А.Е. Байбатшаева өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры А.Н. Жылысбаева түлектерге магистратураға түсу жолдары мен ережелерін түсіндіріп, кездесуді қорытындылады.

 

Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы  Ғ.Ш. Битұрсын Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Шымкент қалалық білім басқармасы  және Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесу-семинарына қатысты.

Кездесудің мақсаты Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында бітіруші түлектерді жұмыспен қамту шараларына қатыстыру. Сонымен қатар оқу орынын бітірген жастарды өз мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру бағдарламаларын насихаттау  және 2022  жылы бітіретін түлектерге Қазақстан Республикасы «Білім туралы»  Заңының 47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен (ҚР Үкіметінің 01.06.2021 №365) бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, 3 жылдық жұмысты өтеу міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы Ғ.Ш. Битұрсын бірқатар мәселелермен бөлісіп, сәуір айында университет қабырғасында  Республикалық деңгейде өтетін бос орындар (жәрмеңкесіне) форумына шақырды.

Кездесуге Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысының орынбасары Заманбек Орынбеков, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Жанар Алтаева және жоғары және орта арнаулы оқу орындарың басшылары қатысты.

Кездесу барысында жұмыспен қамту орталығының басшысы оқу орындармен өзара тығыз жұмыс жасауды ұсынып, бітіруші түлектерді мемлекеттік бағдарламалар арқылы тәжірибе жинақтайтындығын айтып өтті. Сонымен қатар жартылай және тұл жетім бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруға болатындығын жеткізді.

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Кәсіптік бағдар және мансап орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылы университеттің мемлекеттік тапсырыс және ауыл квотасы негізінде оқитын бітіруші түлектеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 4-курс студенттерімен кездесу өтті.

Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева кездесуге жиналған болашақ мамандарға білім беру жолында сәттілік тіледі.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында бекітілгендей жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес білім беру гранты негізінде педагогтік мамандықтар бойынша оқығандар білім беру ұйымдарында үш жыл жұмысты өтеу міндеті жүктелген.

Осы мәселелер кездесуде ауқымды түрде қаралып, білімгерлердің сұрақтарына Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы Ғалымжан Битұрсынов, Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор м.а. Ақлима Байғұтова және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Аққоңыр Жылысбаева жауап берді.

  

«ОҚМПУ-ға 85 жыл»: 2022 жылғы мектеп түлектері ұстаздар ұстаханасымен танысты.

Шымкент қалалық Білім басқармасымен ОҚМПУ арасындағы 2020 жылы 11 қарашада түзілген Ынтымақтастық меморандум аясында болашақ педагог мамандар даярлайтын  ЖОО-ның  85 жылдығына орай 2021 жылы 22-29 қазан аралығында  Кәсіптік бағдар және мансап орталығы мен университет факультеттерінің ұйымдастыруымен  «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын» атты апталық - акция өтті. Шараға 3500 ден аса  мектеп оқушысы қатысты. Акция барысында қала мектептерінің бітіруші сынып оқушылары мен колледж студенттері университет базасымен, профессор-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен, студенттермен танысып, университеттің жетістіктері мен заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттармен алмасты. Факультетке қарасты БББ бейне - ролик арқылы таныстырылды. Салтанатты жиынды оқу ордамыздың ректоры Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы, Басқарма төрағасының орынбасары - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы, Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Бағұтова Аклима Мархабатқызы және факультет декандары   оқушыларға сәттілік тілеп, киелі қара шаңыраққа оқуға шақырып,           оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеулерін, педагог мамандардың сұраныста екенін түсіндіріп өтті. Талапкерлерге университетіміздің нұсқаулық журналы, буклеттер үлестірілді. 

  

 

 

Кәсіптік бағдар және мансап орталығы 2022 жылғы талапкерлерге кәсіби бағдар жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру және 2022 жылғы бітіруші түлектерге сұраныстарды анықтау мақсатында университеттің факультет (кафедралар) ұжымдарымен кездесу жұмыстарын өткізді. 2021 жылдың 28 қыркүйегінде ОҚМПУ бітіруші түлектеріне жұмыс берушілер ретінде Нұр-сұлтан қаласы ҚР ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің 1-ПБ взвод командирі полиция майоры Жақсыбаев Еркебұлан Жәнібекұлы және 2-ПБ взвод командирі полиция капитаны Жанболатов Марат Омарұлының қатысуымен "Денешынықтыру және спорт", "Филология" және "Өнер және білім" және 29 қыркүйегінде "Жаратылыстану", "Тарих және педагогика" және "Физика - математика" факультеттері ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.. 2021-2022 оқу жылында әр факультетте Кәсіби бағдар жұмыстарын үйлестіру үшін жұмыс тобы құрылады. 
ОҚМПУдың 85 жылдығына орай жоспарланған кешенді жоспарға сәйкес 2021жылдың қазан айында Кәсіптік бағдар және мансап орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Білім басқармасының қатысуымен (жергілікті телеарнаның түсірілімімен) "МЕН 85 ЖЫЛДЫҚ ЖОО ТАҢДАЙМЫН" атты акция форматында алғашқы іс-шара өткізіледі. 
Кездесу барысында орталық басшысы Ғалымжан Шәмшідінұлы 2022 жылғы бітіруші түлектермен тыңғылықты жұмыс атқару керектігін баса айтты. Сонымен қатар 2021жылғы Қабылдау комиссиясының жұмысына аса жауапкершілікпен қараған техникалық хатшыларға университет ректоры, т.ғ.к., доцент Гүлжан Дәулетбекқызының Алғыс хатын табыс етті.