Практикалық база және еңбекпен қамту
Практикалық база және еңбекпен қамту
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау», 6В01704 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау», 6В01706 «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау», «6В02302-Филология» білім беру бағдарламасы негізінде бакалавр, 7М01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау» ББ магистр, 8D01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау» ББ докторанттарды дайындайды. Білім беру бағдарламалары педагогикалық іс-әрекет саласында әлеуметтік маңызды міндеттерді қазіргі ғылыми-практикалық деңгейде шығармашылық және жоғары кәсіби тұрғыда шеше алуға қабілетті еуразиялық көпмәдениеттілікті, коммуникативтілікті меңгерген жаңа қоғам маманын даярлауға бағытталған білім берудің ұлттық моделіне негізделіп құрылды. Кафедра ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды.
Кафедра әзірлейтін білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқаратындықтан, кәсіптік практика жалпы білім беру (негізгі орта, жалпы орта) мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары базаларында ұйымдастырылады. Білім беру бағдарламасының ерекшелігіне сәйкес, білім беру бағдарламасында оқу, тілдік, педагогикалық және дипломалды практикалары жоспарланған.
Кәсіптік практика түрлері, мақсат-міндеттері
І. Оқу практикасы жалпы білім беретін мекемелер мен кафедраға тиесілі дәрісханаларда, оқу орнының кітапханаларында ұйымдастыру арқылы жүзеге асады, ол екі аптаға созылады.
Мақсаты – білім беру жүйесімен, білім беру мекемесіндегі педагогтың жұмысымен, жинақталған тәжірибесімен танысу. Сондай-ақ білімі беру, сауықтыру орындары немесе басқа тәрбие беру мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен, шарттарымен, әдет-ғұрыптарымен танысу.
Міндеті:
- кәсіби педагогикалық қызметті ұйымдастырудың ғылыми негіздермен таныстыру;
- білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен таныстыру;
- білім беру мекемелерінің негізгі міндеттерімен таныстыру;
- мектеп қызметінің тәртібімен таныстыру;
- білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие процессімен таныстыру;
- пән мұғалімі мен сынып жетекшіге тиесілі құжаттармен таныстыру;
- тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, мұндағы балалармен жұмыс істеудің өзіне тән ерекшеліктерін бақылау;
- студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу.
Оқу нәтижесі:
- Білім беру жүйесінің қызметімен, өзіндік ерекшеліктерімен танысады және ажырата білуге үйренеді.
- Жалпы білім беретін мектеп қызметінің қыр-сырын меңгереді.
- Білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие процессіне қатысты құжаттармен танысады.
- Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметтік нұсқаулығымен танысады.
- Пән мұғалімінің жауапкершілігіндегі құжаттармен жұмыс жасауды үйренеді.
- Сынып жетекшісінің жауапкершілігіндегі құжаттармен жұмыс жасауды, тәрбие жұмысын ұйымдастыруды үйренеді.
ІІ. Тілдік практика филология факультетінде білім алатындар үшін ұйымдастыралады. Практика - университет студенттеріне арналған кәсіби білім беру бағдарламасының маңызды бір бөлігі. Ол білімгерлерге практика базасы негізінде кәсіби бағыт беретін, студентті мекемелермен, ұйымдармен жақындастыратын, болашақ кәсібіне дайындайтын қосымша оқу формасы болып табылады.
Тілдік практика - білім беру бағдарламасында қарастырылған іс-шаралардың бірі. Мұнда студенттер білім беру бағдарламасына қатысты терминдердің семантикасын ашуға бағытталған сөздіктермен, коммуникативтік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, тілдесім, жазылым) қалыптастыруға негізделген мәтіндермен жұмыс жасайды және аудармашылық шеберліктерін шыңдайды. Дұрыс ұйымдастырылған практика академиялық білім мен практикалық іс-әрекет арасындағы алшақтықты жояды. Тілдік практикадан өту барысында студенттің жалпымәдени және кәсіби құзыреттіліктері дамиды, кәсіби ойлау дағдылары қалыптасады.
Тілдік практиканың мақсаты - білім алушылардың ауызша және жазбаша сөздік қорын дамыту, аудару, іскерлік пен достық қарым-қатынас дағдыларын, тіл ұстанушылармен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Міндеті:
- лингвистикалық терминдер жөнінде жүйелі білім қалыптасыру;
- мәдениетаралық өзара әрекет жасау субъектілері ретінде студенттердің қарым-қатынастық мәдениетін жетілдіру;
- студенттің ауызша және жазбаша тілдік қатынасты іске асыру дағдыларын қалыптастыру;
- сөйлеу әрекеттерінің төрт түрі (сөйлеу, оқу және жазу) негізінде болашақ студенттердің қарым-қатынастық және мәдениетаралық біліктілігін қалыптастыру;
- болашақ кәсіптік қызметінің контекстінде мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін теориялық-когнитивтік базаны құру;
- вербальды және вербальды емес қатынас құралдарының ұлттық-мәдени өзіндік ерекшеліктері туралы білімді жүзеге асыру;
- қарым-қатынас жағдаятында студенттердің вербальды және вербальды емес мінез-құлқын қалыптастыру;
- студенттерге тілдік қарым-қатынас пен сөйлеу мәдениетінің негізгі ұғымдары жөнінде түсінік беру;
- теориялық және практикалық білім мен біліктілікті кеңейту және бекіту;
- орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық және граммати-калық нормаларды қоса отырып, тілдік қарым-қатынаста тілдік бірліктерді өлшемге сәйкес қолдану шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушыларды жазба, ауызша аударманың теориялық негіздерімен таныстыру;
- теориялық және практикалық білім мен біліктілікті кеңейту және бекіту;
- тілдік коммуникация саласында практикалық дағдылық пен біліктілікті қалыптастыру;
- арнайы лексиканы аудару дағдысын бекіту және кеңейту.
Тілдік практика қаланың, оқу орнының кітапханаларында, оқу залдарында немесе кафедраға тиесілі арнайы дәрісханаларда ұйымдастырылады.
Оқу нәтижелері:
- Оқытылатын тілдердегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерді салыстырады.
- Тілдік ұғымдардың, ауызша және жазбаша, ресми және бейресми сөздердің тілдік ерекшеліктерін талдайды.
- Тіл біліміндегі терминдердің шығу төркінін анықтайды.
- Тілдік материалдар негзінде аударма техникасын меңгереді.
- Мәтінді тілдік тұрғыдан талдайды.
- Тіл біліміне қатысты терминдер мен ұғымдар жайлы ойларын ғылыми тұрғыдан тұжырымдайды.
ІІІ. Педагогикалық практика
Мұғалім кадрларын кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық практика маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық практика 2, 3, 4 курста жүргізіледі. Педагогикалық практикадан өту үшін студенттер жалпы білім беру (негізгі орта, жалпы орта, арнаулы білім мекемелері), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жіберіледі.
2-курста ұйымдастырылатын 2 апталық педагогикалық практика психологиялық-педагогикалық практика, ал 3-курстағы 4 апталық практика оқу-тәрбиелік, педагогикалық практика деп аталады, ал 4-курстағы педагогикалық практика 12 аптаға, диплом жұмысын жазатын студенттер үшін 8 аптаға созылады.
Педагогикалық практиканың мақсаты – жалпығылыми, культурологиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту және тереңдету, теориялық білімдер негізінде педагогикалық машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
- педагогикалық қызметтің бастапқы практикасын игеру;
- сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;
- педагогикалық шеберліктің әдістемелік негіздерімен танысу;
- оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізу машықтары мен дағдыларын қалыптастыруға баулу;
- ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
- тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
- оқытудың инновациялық технологияларды білу;
- оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады.
- болашақ бакалаврларға қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық, интербелсенді әдістерін қолданудың тиімді жолдарын үйрету (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);
- жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсатынан шығатын сараланған мақсаттарды, күтілетін нәтижені айқындаудың жолдарын көрсету және критериалды бағалаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
2-курста ұйымдастырылатын психологиялық-педагогикалық практика болашақ мұғалімдерді мамандығына, кәсібіне сәйкес педагогикалық және психологиялық тұрғыдан даярлауға, студенттердің практикалық іс-әрекет түрі ретінде маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады және ол екі аптаға созылады. Студенттер алғашқы аптасында педагогикалық тапсырмаларды орындаса, екінші аптасында психологиялық тапсырмаларды орындап бағаланады.
Психологиялық-педагогикалық практика базасына: 1) мектепке дейінгі ұйымдар; 2) жалпы білім беру (негізгі орта, жалпы орта) ұйымдары енеді.
Психологиялық-педагогикалық практика мынадай міндеттерді алға қояды:
- мектеп немесе білім беру мекемесінің негізгі жұмыстарымен танысу;
- сынып жетекшісімен, сынып ұжымымен танысу және оған талдау жасау;
- сынып ұжымына зерттеу жұмысын жүргізу, сипаттама беру;
- сынып сағаттары мен сыныптан тыс шараларға қатысу және оған талдау жасау;
- сынып сағатын ұйымдастыруын бақылау;
- сыныпқа, жеке оқушыға мінездеме берудің жолдарын оқып-үйрену.
3-курста ұйымдастырылатын 4 апталық оқу-тәрбиелік педагогикалық практика пән мұғалімінің, сынып жетекшісінің қызметін атқаруға бағытталады. Білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарына сәйкес меңгерген пәндеріне орай практикантқа жалпы орта мектептердегі 5-7 сыныптар бөлінеді, яғни бөлінген сыныпта қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді және сынып жетекшілік қызметті қоса алып жүреді.
4-курста ұйымдастырылатын 12 (8) апталық педагогикалық практика пән мұғалімінің, сынып жетекшісінің қызметін атқаруға бағытталады (практиканттарды 8-11 сыныптарға бөледі), пән мұғалімінің, сынып жетекшісінің қызметімен қоса мектеп директорының, оның орынбасарларының қызметтерімен танысуға және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарының ұйымдастырушылық қызметін де меңгеруге арналады.
3-4-курстағы педагогикалық практиканың міндеті:
- мектептің ішкі ережесімен, пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметтік нұсқауларымен танысу;
- жоспар бойынша бекітілген сыныпта қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ өткізу, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру;
- сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- бекітілген сыныпқа психологиялық зерттеу жұмысын жүргізу;
- жоспар бойынша бекітілген сыныпта қазақ тілі мен әдебиетінен ашық сабақ (қазақ тілі, әдебиет) беру;
- жоспар бойынша 1 ашық тәрбие сағатын өткізу;
- сыныпқа, жеке оқушыға психологиялық мінездеме беру;
- педагогикалық практика есебін әзірлеу
Оқу нәтижесі:
- Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланудың жолдарын (үйірмелер, қосымша сабақтар, т.б.); мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы, ата-ана – мұғалім – оқушы қарым-қатынасын зерттейді.
- Пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдаланады.
- Оқу жетістіктерін критериалды бағалайды және диагностикалайды.
- Педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
- Білім беру үдерісіндегі коммуникативтілік дағдыларға сай тапсырмалар құрастырады.
- Педагогикалық-психологиялық саралау жұмыстарн жүргізеді.
ІҮ. Дипломалды практика
Дипломалды практика дипломдық жұмысты орындайтын білім алушылар үшін ғана ұйымдастырылады, ұзақтығы - 4 апта.
Дипломалды практика дипломдық жұмысты жазатын барлық түлектер үшін бітіруші курста өткізіледі. Дипломалды практика дипломдық жұмыстың жетекшісі арқылы бақыланады.
Дипломалды практиканың мазмұны дипломдық жұмыстың тақырыбымен айқындалады.
Дипломалды практиканың мақсаты – дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға бағыт-бағдар беру, зерттеуді ғылыми тұрғыдан тұжырымдау, қорытындылау жолдарын меңгерту.
Дипломалды практиканың міндеті:
- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және саралау жолдарын меңгерту;
- дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша тілдік-статистикалық мәліметтер мен әдебиеттанымдық зерттеу материалдарын талдау жолдарын үйрету;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша ой-пікірлерді және ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан тұжырымдау;
- дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес рәсімдеу болып табылады.
Дипломалды практиканың қорытындысы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының мәжілісінде дипломдық жұмысты алдын-ала қорғауда шығарылады.
Оқу нәтижесі:
- АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана отырып, дипломдық жұмысқа қажетті материалдарды жинақтайды.
- Зерттеу тақырыбына қатысты білімін тереңдетеді, жинақталған материалдарды саралайды.
- Дипломдық жұмысты жазуға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен танысады және ғылыми-әдістемелік зерттеулерді талдайды.
- Тақырыпты зерттеуге қатысты ғалымдармен, көркем шығарма авторларымен кездесіп, тақырып төңірегінде сұхбаттасады.
- Материалдарды жүйелеп, тұжырымдайды.
- Дипломдық жұмыстарын талапқа сай рәсімдейді.
CТУДЕНТТЕР КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТТІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті филолгия факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының "6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау", "6В01706-Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау", "6В01704- қазақ мектептерінде оқытпайтын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау" білім беру бағдарламасы бойынша 1-4 курс студенттерінің Кәсіптік практика (оқу, педагогика-психологиялық, педагогикалық) барысы жүзеге асырылды. Білім алушыларымыз мектептегі тәжірибелі маман-мұғалімдерден тағылым алып, ұстаздық кәсіптің қыр-сырын ықласпен меңгеріп келді деп бек айта аламыз. Іс-тәжірибеден өткен болашақ мұғалімдерімізге сәттілік тілейміз!