Ағылшын тілі
Студенттердің жетістіктері
Студенттердің Университет бойынша пәндік олимпиадаларға қатысуы
Ағылшын тілі кафедрасының профессор оқытушылары жыл сайын пәндік олимпиада ұйымдастырады. 1-4 курс студенттері қатысып, білімдерін сынайды. Олимпиада жазбаша және ауызша форматта өтеді.
Студенттердің республикалық, халықаралық байқаулар бойынша жетістіктері
Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының студенттері республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.
1. «Үш тілді, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында өткізілген «ТІЛ ДАРЫН -2020» байқауының II-ОРЫН иеленген 207-18 оқу тобының студенті Самат Асанұлы.
2. Ағылшын тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к., М.Ю.Шингареваның жетекшілігімен 2024 жылдың 15-17 мамыр аралықтарында Ресейдің RUDN университетінде ұйымдастырылған «Информационно-коммуникативная культура специалиста в цифровую эпоху» атты халықаралық студенттердің ғылыми жоба конкурсына 1-курс М1703-13 тобының магистранты Халық Динмухамед қатысып, «Искусственный интеллект на службе у педагога: возможности и риски» тақырыбындағы өзінің ғылыми жобасын сәтті қорғап шықты.
3. Кафедра оқытушысы Р.Д.Жекебаеваның жетекшілігімен білім алушылар Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсанындағы № 514 бұйрығына сүйене отырып, ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстан педагогі» атты республикалық эссе байқауына 5 білім алушы, «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» «АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА» номинациясына 1703-12-5 оқу тобының білім алушысы Канжаралы Аяулым қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
4. “Жаңа Қазақстан” республикалық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, мектеп, колледж мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері арасында өткізілген “Жаңа Қазақстан педагогі” атты республикалық онлайн эссе байқауы өткізілді. Байқауға бірқатар білім алушыларымыз қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
- 1703-21 оқу тобының білім алушысы Султанова Сандуғаш, жетекшісі: Тастанова Гульмира Жамбылбаевна;
- 1703-11 оқу тобының білім алушысы Асилханова Ажар, жетекшісі: Балкыбекова Сауле Жазыкбаевна;
- 1703-11 оқу тобының білім алушысы Шырынбек Әсемай, жетекшісі: Боранбай Айгерім Еркінқызы;
- 1703-12-6 оқу тобының білім алушысы Жолдыбай Лаззат, жетекшісі: Боранбай Айгерім Еркінқызы;
- 1703-12-7 оқу тобының білім алушысы Ғазизұлы Ерғали.
Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған білім алушылардың дәстүрлі конференциясының
Ағылшын тілі секциялық мәжілісі ұйымдастырылды,үздік баяндамашыларға диплом табыс етілді, университет тарапынан қаржылай марапатталды.
I-орын Шайзанда Банұр Бегжанқызы Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к. Мақұлбек А.Б.
II- орын Ергеш Нұрқанат Ержанұлы Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Т.А.Айнабекова
Сайлау Ажар Сәкенқызы Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к. Байниязова Ж.Т.
III- орын Пердебекова Юнона Шахзатқызы Ғылыми жетекшісі аға оқытушы А.Абдукаримова
Ермаханбетова Әдемі Пердеханқызы Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Байниязов А.Ж.
Назарова Айша Максатовна Ғылыми жетекшісі магистр Раимбекова Г.И.
«Жылдың үздік студенті» атты республикалық байқауының қатысушысылары:
119-27 оқу тобының студенті Камал Мадина, 1703-39 оқу тобының студенті Омар Аида.
119-26 тобының студенті Сырлыбаева Надира ТМД елдеріндегі халықаралық дипломатия мектебі ұйымдастырған жобаға қатысты. 2018 ж. Агреван қ., Армения
"ОҚМПУ-елшісі" төсбелгісінің иегері:
1703-20 оқу тобының білім алушысы Әмзе Несібеліұлбала білім алуда жоғары нәтиже көрсетіп, ғылым және тәрбие саласындағы жетістіктері үшін Басқарма төрағасы - Ректор Г.Д.Сүгірбаеваның Алғыс хатымен және де университеттің қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін "ОҚМПУ-елшісі" төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, 1703-20 оқу тобының білім алушысы Әмзе Несібеліұлбала 2023 жылдың 17-24 қараша аралығында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында Erasmus бағдарламасының қаржыландыруымен халықаралық CoMeDeVa жастар іс-тәжірибесінен өтті. Халықаралық іс-тәжірибеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Литва, Венгрия, Словакия мемлекеттерінен келген белсенді жастар қатысып, тәжірибе алмасты.
"ТМД-ның үздік студенті" төсбелгісінің иегері:
1703-12-5 оқу тобының білім алушысы Әміреш Аружан қаңтар айында “Bilim-Orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген “ ТМД-ның үздік студенті” атты халықаралық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.
Ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Саидваққасова А.Х. жетекшілігімен оқу озаты Аружан І дәрежелі диплом мен “ ТМД-ның үздік студенті” төсбелгісімен марапатталды.
"Елбасы медалі" жобасының қатысушысы:
1703-11-4 оқу тобының білім алушысы Арапбаева Бану желтоқсан айында еліміздегі ең ауқымды challenge “Елбасы медалі” жобасына қатысып, қола медаль иегері атанды.
Бану білім мен қоғамдық өмірді қатар алып жүрген белсенді білім алушыларымыздың бірі. Оның дәлелі филология факультетінің 2022-2023 оқу жылындағы «Студенттік деканат» ұйымы, «Жалын» ұйымы, «QSA» Қазақстан студенттер альянсы және «Meyirim soul» Қайырымдылық командасына мүшелік етуі.
"Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы" республикалық байқауының жеңімпазы:
2301-10 оқу тобының білім алушысы Камилжанова Камола желтоқсан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында Елорданың 25 жылдығына орай өткізілген "Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы" республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен және «Үздік ғылыми жоба авторы» төсбелгісімен марапатталды
"Қазақстанның үздік студенті" төсбелгісінің иегері:
1703-51 оқу тобының білім алушысы Садық Жазира мамыр айында “Bilim-Orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс” атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздығ жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ" атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.
Ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Саидваққасова А.Х. жетекшілігімен оқу озаты Жазира І дәрежелі диплом мен “Қазақстанның үздік студенті” төсбелгісімен марапатталды.