Педагогика кафедрасы

Практикалық база және еңбекпен қамту

          6В01801- «Әлеуметтік педагогтарды даярлау» білім беру бағдарламасында практиканың барлық түрлері МЖМБС-на сәйкес жоспарланған. 2022-2023 оқу жылына  практиканың өтілетін уақытына сәйкес, екі апталық оқу практикасы жоспарланған. 6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс 1801-10 оқу топтарының студенттері ОҚМПУ, Педагогика кафедрасында  25.01.21ж.-05.02.21ж. аралығында оқу практикасынан өтті. Іс-құжаттары, есептері кафедра мәжілісінде қаралып, талқыланды.

Психологиялық-педагогикалық практиканы ұйымдастыру үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті  мен Шымкент қаласы, М.Х. Дулати атындағы №8 гимназия, А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия  арасында келісім шартқа қол қойылды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  2020-2021 оқу жылына арналған  академиялық күнтізбесі мен 6В01801-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау» даярлау білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарына сәйкес әзірленген педагогикалық практикаға жіберу туралы бұйрығы №2/392 бойынша 6В01801-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау» даярлау білім беру бағдарламасының  2-курс студенттері 25.01.21ж.-05.02.21ж. аралығында аталмыш мектептерден психологиялық-педагогикалық практикадан өтті.

5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығында педагогикалық практикалар ұйымдастырылуы үшін университет пен облыстық білім беру мекемелері арасында келісім-шарт түзілген. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Шымкент қаласы, №24 Саттар Ерубаев атындағы IT мектеп-лицейі арасында келісім шартқа қол қойылды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 2020-2021 оқу жылына арналған  академиялық күнтізбесі мен 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының жұмыс оқу жоспарына сәйкес әзірленген педагогикалық практикаға жіберу туралы бұйрығы №2/392 бойынша 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3-курс студенттері 25.01.21ж.-19.02.21ж. аралығында аталмыш мектептерден педагогикалық практикадан өтті.

5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану  мамандығында педагогикалық практикалар ұйымдастырылуы үшін университет пен облыстық білім беру мекемелері арасында келісім-шарт түзілген. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті  мен 4 курс студенттерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша үш жақты келісім шарт жасалып,  қол қойылды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  2020-2021 оқу жылына арналған  академиялық күнтізбесі мен 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының жұмыс оқу жоспарына сәйкес әзірленген педагогикалық практикаға жіберу туралы бұйрығы №2/392 бойынша 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 4-курс студенттері 25.01.21ж.-19.03.21ж. аралығында аталмыш мектептерден педагогикалық практикадан өтті.

 

2020-2021оқу жылындағы практика базалары туралы мәлімет

Кәсіптік практиканы өткізу үшін жасасқан келісімдер саны

Кәсіптік кәсіпорынның атауы

Кәсіптік практикадан өткен студенттер саны

6В01801-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау» білім беру бағдарламасы

-

ОҚМПУ,  Педагогика кафедрасы

12

1

М.Х. Дулати атындағы №8 гимназия

 

10

1

А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия 

10

5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы

1

№24 Саттар Ерубаев атындағы IT мектеп-лицейі

10

1

Б.Момышұлы  атындағы ЖОМ

1

1

 Әуезов атындағы мектеп-гимназия+

1

1

М.Бағысбаев ШЖЖОМ

1

1

Б.Кенжебаев атындағы ЖОМ

1

1

Т.Иманбеков ЖОМ

1

1

Шымкент ер балалар «Білім инновация» лицейі

1

1

М.Әуезов ЖОМ

1

1

Қазақстан ЖОМ

1

1

Дулати атындағы №8  үш тілде оқытылатын  маман.мектеп-гимназия

1

1

Амангелді атындағы ЖОМ

1

1

Ақтас ЖОМ

1

1

«Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгер қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекеме

1

1

47 Қонаев атындағы ЖОМ

1

1

А.Үсенов ЖОМ

1

1

Жаңаталап ЖОМ

1

1

А.Байтурсынов атындағы №50 мектеп-гимназия

1

1

М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназия

1

1

М.Горький атындағы ЖОМ

 

1

1

Ә.Науаи атындағы №17 ЖОМ

1

 

Барлығы:22

 

 

59

 

 

Практика барысы бойынша 

https://www.instagram.com/p/CZ1Wj0cDN1i/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

31.01.2022 ж. бастап оқу орнымыздың білім алушылары үшін Педагогикалық практика басталып, қазіргі таңда кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Осы уақыт аралығында университетімізде дайындалатын әр білім беру бағдарламаларына жауапты Педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы педагог әдіскер ретінде өздеріне жүктелген іс-әрекет бойынша практиканың өту барысын жіті қадағалауда.

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау білім беру бағдарламасының студенттері де оқу, психологиялық-педагогикалық, педагогикалық практикаларды өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізуге белсенді атсалысуда.

 

6В01901-Арнайы педагогика (Логопед) білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларының педагогикалық қорытынды конференциясы

Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген педагогикалық практика студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен тығыз қарым – қатынаста болуына және студенттің пән бойынша психологиялық – педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
 Педагогикалық практика барысында, студенттер болашақ қызметінің қыр-сырын тікелей жұмыс орнында танып, психологиялық және кәсіби бейімделуден өтеді. Студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алып, мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренеді.
Педагогикалық практика болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл атқарады. Практикадан өту барысында студенттердің теориялық білімдері тереңдетіледі, кеңейеді, нығайтылады. Студенттердің кәсіби білік-дағдылары мен кәсіби-тұлғалық қабілеттері қалыптасып, педагогикалық ойлауы, шығармашылық белсенділігі мен дербестігі дамиды.