Өмірбаян

Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы 1964 жылы 21  қарашада  Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір қаласында мемлекеттік қызметкер жанұясында дүниеге келді.

1982 жылы Ленгір қаласындағы В. Комаров атындағы орта мектепті алтын медальмен, 1982-1987 жылдары Шымкент мемлекеттік педагогика институтының тарих және педагогика факультетін үздік дипломмен бітірді.

1987-1994 жылдары Шымкент қаласындағы №41 орта мектепте пионер ұйымының жетекшесі, №29 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, 1994-1995 жылдары Шымкент педагогика институтының Жалпы тарих кафедрасында оқытушы болды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының аспирантурасына түсіп, 2000 жылы “Узбекское население Казахстана в 20-30-е годы ХХ века: проблемы истории и культуры” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2000-2002 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты «Бүкіл әлем тарихы» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, 2002-2010 жылдары аталған кафедраның  меңгерушісі болды.

2010-2011 оқу жылында Академиялық инновациялық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында доцент, 2012-2013 оқу жылында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Археология және этнология кафедрасында доцент қызметтерін атқарды.

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан және әлем тарихы кафедрасында доцент, 2014 -2016 жылдары аталған кафедраның меңгерушісі, 2016-2018 жылдары «Ғылыми-зерттеу бағдарламалардың сараптау» бөлімінің басшысы, 2018-2020 жылдары «Менеджмент және мониторинг» бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2004-2005 жылдары Ресей ғалымдарымен бірге орта мектеп оқушыларына арнап орыс және қазақ тілінде шығарылған “Қазіргі заман тарихы” және “ХХ ғасырдағы әлем” атты оқулықтардың авторы.

Г.Д.Сүгірбаева Түркия,  Қытай, Ресейде ғылыми тағылымдамадан өтіп,  біліктілігін арттырған. 4 оқулық, 2 оқу-әдістемелік құрал, 50-ге жуық мақаланың  авторы. Оның ішінде 6-ы шетелдік импакт-факторы журналдарда жарияланған. Г.Д.Сүгірбаеваның жетекшілігімен бірнеше халықаралық конференция, олимпиадалар өткізілді.

Жоғары оқу орнының “Үздік оқытушысы” (2010).

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен (2015),. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің Алғыс хатымен (2017),  Түркістан облысының маслихатының Алғыс хатымен (2018) марапатталды.