Хабарландыру

«Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Шымкент қаласы,  Әл-Фараби ауданы, 160012, А.Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының комплаенс офицер бос лауазымына конкурс жариялайды:

Қызметтің мақсаты қоғам жұмыскерлері мен білім алушылардың оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді
қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету, Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Комплаенс-офицері лауазымына қойылатын талаптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және осы салада кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

Комплаенс офицер:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар
туралы», «Қазақстан Республикасы жастарының мемлекеттік саясаты туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Заңды және жеке тұлғалардың ӛтінішін қарау Тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын, Азаматтық және еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын және стратегиялық құжаттарын білуі тиіс.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) арнайы үлгідегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының арнайы үлгідегі қызметтік тізімі;

4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 230 кабинет (Казпочта арқылы), сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін,  info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!