-
Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. – Алматы: Жазушы, 1992. –192 бет.
«Уақыт керуені» Өзбекәлі Жәнібековтің мұнан бұрын орыс тілінде шыққан «Эхо...» атты кітабының көпшілік тілегін ескере отыра, толықтырылып қазақ тілінде қайта жазылған түрі. Кітап автордың қазақ тарихы мен жасампаздығына байланысты өзі зерттеген мәселелер бойынша тарихшы-этнографтардың, өнер мен әдебиеттанушы ғалымдардың қаперінен тыс қалып келе жатқан жайттарға баса назар аудара білгендігімен де құнды. Басылымнан оқырман қауым, ғылыми жұртшылық, әдебиетшілер мен өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен студенттер, оқушы жастар көңілге ой салатын тұжырымды пікір, нақтылы деректер, қызғылықты мәлімет таба алады.
-
Жәнібеков Ө. Жолайрықта. – Алматы: «Рауан» 1995. –110 бет.
«Жолайрықта» – автордың қазақ қоғамының айналадағы ортаны әлеуметтік және эстетикалық тұрғыдан игерген іс-тәжірибесімен тікелей байланысты халық сәулеткерлігіне арналған туындысы. Кітап қазаққа қатысты этнографиялық, әдебиетте алғаш рет жылжымалы баспана мен тұрақты мекенжай үлгілерін ғылыми жағынан жіктестіргенімен ғана емес, оларды мемлекеттік есепке алу, қалпына келтіру, қорғау, өнегелі тұстарын қазіргі тұрмысқа пайдалану арқылы халқымыздың өткен өміріне, тұрмыс-салтына, наным-танымына, талғамына, өндіргіш күштеріне, құрылыс мәдениетіне ілтипатпен қарауға ынталандыратынымен де құнды.
-
Жәнібеков Ө. Тағдыр тағылымы. – Алматы: « Рауан» 1997–136 бет.
«Тағдыр тағылымының» екінші кітабы өмірбаяндық хикая ғана емес. Қоғамның белсенді мүшелерінің бірі ретінде автор өзінің бастан кешкен, көріп-білген жәйттерімен қоса, айналадағы әлеуметтік ортаға, ел тағдырына қатысты, тарихпен, мұратанумен, елтанумен, сайып келгеиде, қазақтанумен ұштасып жататын қазіргі заманғы көкейкесті мәселелерге де тоқтала кеткенді жөн көрген. Шығармашыл қауым, қалың көпшілік, ел тағдыры толғантатын әрбір зиялы азамат, мұғалімдер мен студент жастар басылымынан соны пікір, тұжырымды ой таба алады.
-
Жәнібеков Ө. Тағдыр тағылымы. – Алматы: «Рауан» 1996-192 бет.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші ғалым Өзбекәлі Жәнібековті елімізде білмейтіндер кемде-кем. Ол – ұрпақ тәрбиесін жақсартуға, ұлттық мәдениетті дамыту ісіне, халқымыздың, дәстүрлі өнерін дүн-дүниеге танытуға өзіндік үлесін қосқан адам. Республика жастарын игі істерге бастаған ұзақ жылдар, партия, кеңес қызметінде жүріп бастан кешкендер, тарихи және мәдени ескерткіштерді мемлекетгік есепке алу, қорғау, қайта ұқсату және пайдаланудағы бесенелі бейнет, сол сияқты әділет пен келешек қамы үшін күрескен кешегі дүрбелең дәуір автор қаламынан шыққан ізгі шежіредей, бір сөзін аттап кете алмайсыз. Кітаптың бағамды бай тілі, тартымды өткір желісі, алуан өткелдер, тағдыр тағылымы сізді алысқа жетелей береді, жетелей береді. Жоғары мақсат-мүдделердің даңғылымен құшақ жайып қауышасыз.
-
Жәнібеков Ө . Таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы: ҚАЗ – ақпарат, 2011.1–кітап – 320 бет.
Қазақ ұлтының біртуар перзенті Өзбекәлі Жәнібековтың қолдарыңыздағы бірінші кітабына ел мен жер тарихы мен ұлт тағдыры, салт-дәстүрлерге қатысты мақалалары, зерттеу еңбектері топтастырылған.
-
Жәнібеков Ө. Таңдамалы шығармалар жинағы . – Алматы: ҚАЗ-ақпарат, 2011. 2 – кітап – 320 бет.
Қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың бұл кітабына естеліктері, әр жылда жазған тартымды дүниеліктері топтастырылған. Ардақты ағаның тағылымды өмір жолы жас ұрпаққа үлгі-өнеге.
- Жәнібеков Ө. Эхо... по следам легенды о золотой домбре. Алма-Ата: «Өнер» 1990. –304 бет.
Ө. Жәнібековтің бұл кітабы қазақ халқының тарихы мен этнографиясымен таныстырады. Бастапқы бөлімдер Қазақстан аумағындағы тарихи, этникалық және мәдени процестердің эволюциясы мен сабақтастығын қадағалайды, қазақтардың әлеуметтік жүйесі мен тұрмысын, әдет-ғұрыптары мен әдет-ғұрыптарын сипаттайды. Революцияға дейінгі дәуірдегі қазақтардың отырықшы егіншілік шаруашылықтары, халық қолөнері туралы материалдар назар аудартады. Музыкалық, би және халық шығармашылығына арналған бөлім де қызығушылық тудырады, өйткені автордың өзі музыкалық аспаптарды, ұмытылып бара жатқан ән мен билерді жаңғыртуға, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерді ұйымдастыруға тікелей атсалысқан. Автор тарихшылар мен этнографтардың назарынан тыс қалған қызықты детальдар мен тұстарды, халық тарихын толықтырып, оның бейнесін жасайтын деректі материалдарды, аңыз-әпсаналар мен эпостарды іздеп, табады. Кітаптың әр бөлімі кең иллюстрациялық материалдармен қамтамасыз етілген. Көптеген фотосуреттер алғаш рет жарияланды. Қалың оқырман қауымға арналған.
- Жәнібеков Ө. Культура казахского ремесла. – Алма-Ата: Өнер, 1982. –144 бет.
Кітапта тарих және этнографиямен тығыз байланыста қарастырылатын қазақ қолөнерінің негізгі дәстүрлі түрлерімен таныстырылады. Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі стационарлық тұрғын үйді, ұстахананы, сондай-ақ ұлттық киімдерді қайта құруды қамтамасыз етеді, республиканың мұражай қорларынан және жеке коллекциялардан 18-20 ғасырлардағы халық шеберлерінің туындыларын басып шығарады.