Ө. Жәнібековтің өмірі

 

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ

Өзбекәлі Жәнібеков (28.08.1931 – 22.02.1998) – мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, мәдениет министрі, Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы болып қызмет атқарған.

 

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ

  • Шымкент (қазіргі Түркістан) облысының Келес ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі (1952 – 1955);
  • Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы (1955 – 1956);
  • Шымкент облысының комсомол комитетінің хатшысы (1956 1961);
  • Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 1-хатшысы, хатшысы (1961 1970);
  • Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы (1970 1975);
  • Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі (1975 1977);
  • Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары (1977 1988); мәдениет министрі (1987 1988);
  • Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы (1988 – 1991) қызметтерін атқарды.

 

ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды.
  • Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды.
  • Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды.
  • Жәнібеков “Шертер”, Адырна”, “Алтынай”, т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды.
  • “Наурыз” мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты.
  • Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.