Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің математика кафедрасының профессоры Иманбаев Нұрлан Сайрамұлын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің жариялаған 2021-2023 жылдарға арналған Іргелі зерттеулер бойынша Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған байқауының Алматы қ. Математика және математикалық модельдеу институтының атынан ұсынылған жобаның «Шеттік шарттарды спектралдық параметрдің сызықтық енгізілуі арқылы Штурм-Лиувилль операторының түбірлік функциялар жүйесінің шартсыз базистігі туралы сұрақтары» тақырыбы бойынша жеңіске жетуімен құттықтаймыз!
Жобаның ғылыми жетекшісі ф.-м. ғ. к., профессор Иманбаев Нұрлан Сайрамұлына шығармашылық жетістіктер, жаңа жаңалықтар мен жеңістер, барлық жоспарларыңызды, жаңа идеяларды ұсынуға және іске асыруға тілектеспіз!
Математика кафедрасы.