1995 жылы 7 сәуірде Тәжік-Ауған шекарасында Шымкент қаласының 5485 әскери бөлімінің әскерлері халықаралық бітімгершілік тапсырманы орындау барысында Пшихвар шатқалында ауған моджехеттерімен болған қанды қақтығыста 17 сарбаз ЕРЛІКПЕН қаза тапқан. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 7 сәуір Ерлік күні болып аталады.
2021 жылдың 7 сәуір күні Шымкент қаласының Абай паркінде 17 сарбазға арналған обелиск алдында Еске алу күні өтті. Осы іс-шараға ардагерлер мен бірге Онтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалык университетінің әскери кафедрасының студенттері қатыстып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты Отан сүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеуге Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері әскери кафедра бастығының орынбасары-оқу бөлім бастығы запастағы подполковник Касымбеков Асан Булегенович және әскери кафедраның оқытушысы запастағы майор Айкынбеков Бахтияр Айтпаевич үлкен үлестерін қосуда.