Кезекті ғылыми кеңес мәжілісі өтті

        Бүгін 2023 жылғы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде кезекті ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева мәжілістің күн тәртібін бекітті. Қатысушылар ғылыми істер және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбековтің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2022 жылдағы нәтижелері мен алдағы стратегиялық міндеттері туралы есебін тыңдады.

       Ал тарих және педагогика факультетінің деканы Гүлдариға Таутаева факультеттің стратегиялық жоспарының орындалуы мен келешектегі міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ өнер және білім факультетінің деканы Айдайқыз Байбатшаева да басқарып отырған факультетінің стратегиялық жоспарының орындалуы мен даму болашағын таныстырып өтті.

            Жиын соңына дейін ғылыми кеңес құрамы жаңа жұмыс жылына арналған әртүрлі мәселелерді талқылады.