Психологиялық қолдау орталығы

Психологиялық қолдау орталығы

Орталықты құру мақсатымыз ЖОО-ның білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, студенттер мен оқытушылардың, қызметкерлердің психологиялық қорғалуын қамтамасыз ету, олардың психикалық денсаулығын қолдау мен нығайту.

Негізгі міндеттер:

   Студенттер мен қызметкерлердің әсіресе оқыту мен тұлғааралық қарым-қатынас аумағындағы психологиялық мәдениеті мен стресске тұрақтылығын арттыру;      өзгермелі әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайларына әлеуметтік бейімделуге психологиялық көмек көрсету;     білім беру үрдісі қатысушыларының негізгі мәселелерін анықтау және олардың туындау себептерін, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін айқындау;     студенттердің ЖОО-да білім алу үрдісінде тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби қалыптасуына ықпал ету;     білім беру үрдісі қатысушыларын қиын және қысылтаяң жағдайларда психологиялық көмекпен қамтамасыз ету;     студенттердің жеке тұлғасының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік, психологиялық , педагогикалық  және кәсіби жағдайларды жасау; шетелдік студенттерге психологиялық көмек көрсету;    ЖОО оқытушылар құрамының заманауи жастармен жұмыс жасаудағы психологиялық біліктілігін арттыру;     педагогикалық ұжымға ЖОО-ғы әлеуметтік-психологиялық климатты үйлестіруге көмектесу;    ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің қызметін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік материалдармен және нұсқаулармен қамтамасыз етуге көмектесу;    қажет жағдайда білім беру үрдісі қатысушыларына психологиялық қолдау мен кеңес беру қызметін ұйымдастыру;    білім беру мекемелерінің психологтарына, мұғалімдерге, ЖОО оқытушыларына, денсаулық сақтау, пенитенциарлық мекемелердің, құқық қорғау органдарының, әскери бөлімдердің тәжірибелік психологтарына кәсіби біліктілігін арттыру контексінде психологиялық оқыту.

Қызметкерлері

 

«Психологиялық қолдау» орталығы басшысы

Айтжанова Гульнара Тұрмаханқызы

Почта: mega-73@mail.ru

Тел: 87781444607

«Психологиялық қолдау» орталығының бас маман психологы

Төлеген Жандаулет Айтуарұлы

Почта: okmpu.kz.ps@mail.ru

Тел: 87476115727

«Психологиялық қолдау» орталығының  маман психологы

Күмісбек Ұлдана Жақсыбекқызы

Почта kumisbekuldana98@mail.ru:

Тел 87028395325