Заң департаменті

 

Заң департаменті

Заң қызметі өз қызметінде: Қазақстан Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясының (өзгерістерімен және толықтырулары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №988 қаулысының, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» №1072 қаулысының ОҚМПУ-нің Басқарма төрағасы-Ректор бекіткен сапа менеджмент жүйесі бойынша қызметтік нұсқауларды университет Жарғысы мен ОҚМПУ ішкі актілерінің Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5-тамыздағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», санитариялық қағидаларын бекіту туралы №76 бұйрығының талаптарын басқа да қолданыстағы заңнамаларды жүзеге асырады.

Заң қызметінің құқықтары мен міндеттері және мақсаттары:

- университеттің білім сапасының,академиялық адалдық қағидаттарының өз дәрежесінде жүргізілуіне қатысуға;

- оқу орны қызметінде заңдылықтың орындауын қамтамассыз етуге;

- нормативтік-құқықтық құжаттарды өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге;

- оқу орнының құқықтық жұмыстарына әдістемелік көмек көрсетуге, салалық буындарға құқықтық құжаттар түзуге көмек беріп отыруға;

- қойылған талаптарға жүйелі жауаптар дайындап отыруға;

- әр түрлі заң бұзушылықтарға байланысты (талам-таражға салу, жетпей қалу және т.б.) материалдарды сот және тергеу орындарына тиісті тәртіп бойынша беруге көмек көрсетіп отыруға, қаралып біткен сот істерінің материалдарын есепке алып,сақтауды ұйымдастыруға;

- қаржылық, келісім шарттық, еңбек тәртіптерін нығайтуға қатысты шараларға және оқу орны меншігін сақтауға қатысуға;

- заңға қатысты ақпараттық-анықтама жұмыстарын жүргізіп, оларды жүйелеп отыруға;

- салалық буындарда құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,сала басшыларына заңнамалардағы өзгерістер туралы мәліметтер беріп отыруға, ағымдағы заңдар бойынша оқу орны студенттеріне ұйымдық-құқықтық мәселелер жөнінде көмек көрсетіп отыруға, мүліктік-құқықтық сипаттағы актілерді түзуге қолдау көрсетуге;

- өңделіп жатқан құжаттардың заңнамалық құқықтық актілер негізінде жасалуға, тексеруге (бұйрықтар қызметтік нұсқаулар, СМЖ құжаттары, келісім-шарттар және т.б.);

- университеттің құқық жұмыстарына әділ басшылығын жүзеге асырып, құрылым бөлімдеріне және басқа қоғамдық ұйымдарға әр-түрлі құқық құжаттамаларды дайындауға және рәсімдеуге көмек көрсету, талаптарды қабылдамаған кезінде дәлелді жауаптар дайындауға;

- заңға сәйкес келмейтін құжаттарды тоқтатып, олардың заң актілері негізінде жасалуын талап етуге;

- тергеу,сот және де басқа құқық қорғау органдарына түскен арыз, шағымдар бойынша университеттің құқығын қорғауды қамтамасыз етуге, және оқытушыларға,қызметкерлерге тегін заң көмегін беруге;

- Басқарма төрағасы - ректордың берген сенім хаты негізінде сот процестеріне қатысуға, университеттің мүлкін сақтайтын құжаттарды әзірлеу және жүзеге асыру шараларына қатысуға;

- табылған кемшіліктерді жою жөнінде және университет шаруашылық-қаржы қызметін жақсарту мақсатында талаптық, қылмыстық, әкімшілік және шаруашылық істердің жасалу және орындау практикасын зерделеуін, талдауын және қорытындысын жүзеге асыруға;

- белгіленген тәртіппен университет қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту материалдарын рәсімдеуге;

- шаруашылық шарттарды жасасу оларды құқықтық сараптамадан өткізу, ұжымдық және жеке еңбек шарттардың талаптарын өңдеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық қарыздарын қаралатын мәселелерде қатысуға;

- университеттің басқа бөлімдерімен бірге қазіргі және күші жойылған бұйрықтарға және басқа да нормативтік актілерге өзгерістер ендіру және жою ұсыныстарын дайындауға,

- қазіргі заңдылық пен нормативтік актілерін жүйеленген түрде есептеу және сақтау жұмысын жүргізу, оларға жою, өзгерту және толықтыру жолдарын енгізу, қазіргі ақпараттық технология және қатынас құралдарының негіздерінде анықтама құжаттамаларын дайындауға;

- университет қызметінде туындайтын, пікірге түсетін нормативтік актілерінің жобаларына құқықтық мәселелер бойынша қорытынды беруге қатысуга;

- университет қызметкерлеріне қазіргі заңдар және оларға енгізілген өзгерістер туралы хабар беру қызметіне қатысты лауазымды адамдарды қолданыстағы заңдармен таныстыруға;

- университет қызметкерлеріне құқық тәртіп ұйымдастыру және заң мәселелері бойынша кеңес беру, мүлікті құқықтық мінезділік құжаттар және актілер бойынша қорытынды жасауға, көмек көрсетуге; 

 
Қызметкерлері

Заң департаментінің директоры

Амирхан Мадина

Байланыс тел:  ішкі 747

e-mail: amirkhan.madina@okmpu.kz

Заң департаментінің заңгері  

Жаукебаев Ынтымақ Құлбекұлы

Байланыс тел:  ішкі 747

e-mail: zhaukebayev@okmpu.kz

Заң департаментінің заңгері  

Бекмуханбетова Жанна Жексенбековна

Байланыс тел: ішкі 793

e-mail: bekmzhanna@mail.ru