Керімбеков Ержан Рахымжанұлы
Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор
Керимбеков Ержан Рахымжанұлы 1986 жылы 7 мамырда Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бірінші мамыр ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебін үздік бітіріп, 2004-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы университетінің математика факультетін, 2008-2010 жылдары осы университеттің математика факультетінің магистратурасын бітіріп, 2015-2017 жылдары Саясаттану және мемлекеттік басқару (қашықтықтан) факультетінің магистратурасын, 2011-2017 жылдары Гази Университеті(Туркия), Компьютерлік инженерия мамандығын тәмамдаған.
Алғашқы еңбек өтілі 2008-2009 жылдары Қ.А.Ясауи университетінде математика кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарады. 2009-2010 жылдары Қ.А.Ясауи университетінің Ғылым бөлімінде маман болып қызмет атқарады. 2011-2017 жылдары Гази Университетінің Ғылым бөлімінде ізденуші қызметін атқарады. 2015-2017 жылдары Гази Университетінде TUBITAK 3001 жобасында аға ғылыми қызметкер, 2017-2018 жылдары Ахмет Ясауи Университетінде Компьютерлік ғылымдар кафедрасында Аға оқытушы, Коммерцияландыру офисінде басшы болып, Ғылымды коммерцияландыру департаментінің директоры қызметін атқарады.
Е.Р.Керімбеков орыс, түрік, ағылшын тілдерін меңгерген. Сондай-ақ Қ.Р Талантты жас ғалым мемлекеттік стипендия (2019), Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі (2019), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2019), Түркістан облысы мәслихатының грамотасы (2019), Түркістан облысының үздік жас ғалымы (2020) марапаттарына ие. Аударма тәжірибелері: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» 2017 (қазақшадан-түрікшеге), ТҮРКПА мүше елдері арасында құқықтық ынтымақтастық туралы Регламент. 2017 (орысшадан-түрікшеге).
Е.Р.Керімбеков қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысып отырған. ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының сарапшысы, Түркі тілдес елдердің парламенттер ассамблеясы ұйымының тәуелсіз сарапшысы, Түркістан облысы Инновациялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау комиссиясының мүшесі болған.