Басқарма мүшесі –Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялау

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Шымкент қаласы,  Әл-Фараби ауданы, 160012, А.Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі –Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды:

 

Қызметтің мақсаты ЖОО-ны интернационалдандыру бойынша жұмыс жүргізу, халықаралық әріптестіктер желісін кеңейту және шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен белсенді ынтымақтастық, сондай-ақ ЖОО-ның халықаралық имиджін арттыру үшін медиа-ресурстар арқылы осы бастамаларды стратегиялық қолдау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;
  2. Уәкілетті мемлекеттік органдарда кемінде 4 жыл, оның ішінде С-3 санатындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымнан төмен емес лауазымда кемінде жарты жыл жұмыс өтілінің болуы;
  3. Жоғары педагогикалық білім беру ұйымында ғылыми қызметкер ретінде кемінде бір жарым жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн;
  4. В-5 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазым санатында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн;
  5. Ағылшын тілін білу.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) арнайы үлгідегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3х4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының арнайы үлгідегі қызметтік тізімі;

4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

5) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталық пен зертханалары "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса ұсынылады, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;

- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса ұсынылады;

- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса ұсынылады;

6) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 нөмірмен тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттарды ұсынған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде берілген медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды););

8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

 

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Шымкент қ., Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 134-кабинет (Казпочта арқылы),  info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 8(7252)30-14-59 (кадр бөлімі).

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 25.11.2024 ж., сағат 15.00-ге дейін.

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады