Музыкалық білім кафедрасы
Білім беру бағдарламалары
6В01403 «МУЗЫКА МҰҒАЛІМІН ДАЯРЛАУ»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Білім беру саласының коды және атауы: 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағытының коды және атауы: 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Берілетін дәрежесі: 6В01403 «Музыка мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Бағдарламаның типі: бакалавриат, 6 деңгей ҰБШ/СБШ/ХСБЖ
Жалпы кредит көлемі: 240 академиялық кредит/240 ECTS
Бағдарламаны құрастыру бойынша жұмысшы тобы
Досбағанбетова Алена Төребекқызы, Қарсыбаева Айман Мұсақызы, Дюсебаев Сабит Байсеитұлы, Балабекова Ақбөпе Асылбекқызы, Намазова Еркежан Маликаждарқызы, Досбағанбетова Раушан Төребекқызы, Сейілбекова Күлімхан Каналбайқызы, Айдарбекова Раушан Сабырханқызы, Жолдасова Айгуль Тиленқызы, Атабекова Алима Турегелдіқызы, Елжанова Гүлфайруз Әбдірәсілқызы, Төлтебай Жарқынбек Қастайұлы.
Сарапшылар
Фархад Шидфар, Омирбаева Гүлнұр Шәкенқызы, Медетбекова Меруерт Асқарқызы.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бітірушінің кәсіби қызмет саласы
«Музыка мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.
Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары:
- негізгі және бейіндік мектептер;
- мамандандырылған мектептер;
- орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.
Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері:
- оқыту;
- тәрбиелеу;
- әдістемелік;
- зерттеу;
- әлеуметтік-коммуникативтік.
Бітірушінің кәсіби қызметінің міндеттері
Оқытушылық:
- білім алушыларды оқыту мен дамыту;
- кәсіптік қызметінде оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру;
- педагогикалық процесті жобалау және басқару;
- педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау, коррекциялау және диагностикалау.
Тәрбиелік:
- білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту;
- педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын іске асыру;
- сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау;
- нақты тәрбиелік міндеттерді шешу;
- сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалану;
- оқушылар ұжымымен, пән мұғалімдерімен, ата-аналармен байланыс орнату;
Әдістемелік:
- білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау;
- оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтау;
- оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.
Зерттеушілік:
- білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеу және білім ортасын зерттеу;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
- білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді талдау және жалпылау;
- педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу.
Әлеуметтік коммуникативтік:
- кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен
өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
- көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
- білім алушылардың тәрбиеленуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және оларға педагогикалық қолдау көрсету.
БІТІРУШІНІҢ МОДЕЛІ
1. Пәндік білімі: өзінің пәндік саласын терең және толық түсінеді, кәсіби қызметінде білімін қолданады.
2. Ұйымдастырушы-әдістемелік қабілеті: кәсіби қызметін жоспарлауда, ұйымдастыру мен басқаруда инновациялық технологияларды қолданады, кешенді проблемаларды шешуде сыни ойлау мен креативтілік танытады.
3. Зерттеушілік дағдысы: ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ғылыми-ізденіс жұмыстарына шәкірттерін баулиды.
4. Көшбасшылық және кәсіпкерлік дағдысы: команда да жұмыс істей алады, қоғамды жаңарту процесінде белсенділік танытады.
5. Мәдени құзыреттілік: өз елінің мәдениетті және толерантты азаматы болу қабілетіне ие.
6. Өмір бойы оқу қабілеті: өз қабілеті мен мүддесін қоғам сұранысымен үйлестіреді.
7. Ақпараттық дағдысы: ақпараттық қоғамның мәнін түсінеді, кәсіби қызметінде АКТ-ны пайдаланады.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ББ бойынша оқу нәтижелері: Осы ББ-ны табысты аяқтағаннан кейін студенттер төмендегі қабілеттерге ие болуы тиіс:
• ОN1 – алған білімдерінің негізінде шығармашылық идеяларын іске асыруда вокалды-дирижерлық шеберліктерін және музыкалық аспаптарды игергенін көрсетеді;
• ОN2 – музыкалық зерттеулерге тұжырымдар мен ой-қорытулар жасауда шығармашылық тұрғыдан жүйелі ойлау білімі негізінде академиялық адалдық және академиялық жазу принциптерін практикада қолданады;
• ОN3 – оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындайды;
• ОN4 – танымдық, орындаушылық және жинақтаушылық зерттеулерде музыкалық креативтік шығармашылық негізінде кәсіби мәселелерді шешу жолдарын талдайды;
• ОN5 – музыка саласындағы пәндер бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолданады;
• ОN6 – кәсіби шығармашылық деңгейін көтеру және ортақ мақсатқа жету үшін командада және көшбасшылықта креативтілік пен коммуникативтілік көрсетеді;
• ОN7 – пәндерді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдаланады;
• ОN8 – педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданады;
• ОN9 – оқушының академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну үшін тұлғалық сапасын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды;
• ОN10 – технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды.
Пәндер туралы мәліметтер
Ғылыми зерттеулердің әдістері - Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады.
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері - ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Экономика және кәсіпкерлік негіздері - Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Қаржылық сауаттылық - «Қаржылық сауаттылық» – курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Экология және өмір қауіпсіздігі - Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқушылар-дың физиологиялық дамуы - Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Жасерекшелік психологиясы - Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі - Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар - Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.
Бағалаудың заманауи технологиялары - Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.
Музыканы оқыту әдістемесі - Музыка сабағын жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың әдіс-тәсілдерін, мазмұнын, түрлерін, оқыту әдістерінің классификациясын, оқу сабақтарын жоспарлауын, пәннің ерекшеліктерін қарастырып, коммуникативтілік қабілетін дамытады. Музыка сабақтарында АКТ-ны, арнайы цифрлық білім ресурстарын пайдаланып, би және сурет салу өнерлерін музыка пәніне интеграциялауды сипаттайды.
Музыканы оқытудың дербес әдістемесі - Музыка пәнін дербес оқытуда оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, әдебиет, тарих, математика пәндерімен интеграциялап, педагогикалық инновациялық технологияларды оқытады, музыкалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің теориялық және әдістемелік, музыкалық-орындаушылық, жан-жақтылық, зерттеушілік білімі мен дағдыларын қалыптастырып, шығармашылық ізденіске баулиды.
Музыканы оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялары - Музыка сабағында педагогикалық инновациялық технологияларды пайдаланудың тәсілдерін, электронды фонотека, ноталық библиотека, Audacity, Soundation, Windows Movie maker, «Киностудия» компьютерлік бағдарламаларын қолданудың, топтық жұмыста креативтілік және коммуникативтілік танытудың негіздерін үйретеді.
Музыка теориясы және сольфеджио - Музыкалық теориялық білімдерін сольфеджиолауда қолданып нота мәтінін дұрыс оқу әдісін, музыкалық-теориялық терминологиялары мен музыканың негізгі құралдарын (дыбыс, режим, тональдік), ноталық мәтінді бірден оқудың әдісін меңгеруді, сонымен қатар жүйелі түрде дайындалуда АКТ мен ЦБР қолдануды қарастырады.
Этносольфеджио және гармония - Ауызекілік – дәстүрлі ойлау, есту және жадында сақтау қабілеттерін арттыратын ауызша жұмыс түрлерін, суырыпсалмалық – әннің музыкалық-поэтикалық тілі мен ойлау заңдылықтарының игеру дәрежесін дамыта отырып, оны ортаға ұсынатын шығармашылық әдісті қолдануды, берiлген әуенді гармонизациялауды қарастырады.
Музыканың тарихы мен өнер түрлері - Өзге өнер түрлері мен (бейнелеу өнері, хореография, поэзия) музыка өнерін интеграциялау арқылы әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінік беруді, кәсіби музыка өнерінің қалыптасу, даму, өркендеу кезендерін, музыка тарихы мен фольклор туралы білімдерін дамытуды, әр ғасырдың музыкасының стильдік айырмашылығын зерттеу әдістерін қарастырады.
Хор және оркестр І - Хор ұжымында жұмыс жасауда және оркестрде орындауда дұрыс тыныс алу, дыбыс тазалығы, басқа аспаптарды тыңдай отыра орындау және дикцияны сақтау негіздерін үйретеді. Музыкалық шығарманы мәнерлі орындауда туындаған проблемаларды шығармашылық тұрғыда шешуді, шығармашылық деңгейді көтеруде оркестрдегі әртүрлі аспаптардың құлақ күйін таза келтіруді, ансамбльдік орындауды көздейді.
Хор және оркестр ІІ - Хорда ерлер мен әйелдер дауыстарын ажырату негіздерін, дауыс ерекшеліктерін, берілген партияның нотасын оқуды, оркестрдің құрамындағы аспаптардың дыбысталуы мен орындалу ерекшеліктерін қарастырады. Алған білімдерінің негізінде топтық жұмыс жасауда шығармашылық белсенділік танытуды сипаттайды.
Хор және оркестр ІІІ - Хор құрамында ән айтуда басқа дауыстарды тыңдап, топпен жұмыс жасауда өз партиясынан ауытқымауды үйретеді. Кәсіби орындаушылық деңгейін көтеру мақсатында партияларды бірден оқып, үнемі жаттығуда гармониядан алған ақпараттарды қолдана отырып, оркестрдегі музыкалық үндестікті сезінуді анықтайды.
Хор және оркестр ІV - Хормен және оркестрде жұмыс жасауда ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, балалардың физиологиялық жас ерекшеліктеріне байланысты дауыстарға, аспаптарға дұрыс бөлуді, хор және оркестрде жұмыс жасауды және педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалануды үйретеді. Концерттерде хор және оркестрдің кәсіби шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында, дирижердың заманауи идеяларын іске асыруға бағыттайды.
Арнайы дайындық І - Аспаптық және дирижерлық қойылымдардың, бір октава көлемінде гамма, шағын шығарма ойнау негіздерін, дирижерлауда қарапайым өлшемдерін, амплитудаларының теорияларын, музыкалық мәтіндердің талдауын қарастырады. Арнайы аспапта, жалпы фортепианода ойнауда және дирижерлауда жеке дайындық негіздерін интеграциялау арқылы қалыптастырады.
Арнайы дайындық ІІ - Аспаптық және дирижерлық дайындықты, гамма, шағын шығарма ойнау негіздерін, дирижерлау негіздерін, сольфеджиолауды, талдауын (тональдікті анықтауды, шығарманың өлшемін) жан-жақты қарастырады. Арнайы аспапта ойнауда және дирижерлауда жеке дайындық негіздерін интеграциялау арқылы қалыптастырады.
Вокалды-дирижерлық жұмыс І – Дауыс қою негіздерін, дұрыс тыныс алуды, дирижерлауда шығарманы мәнерлі орындауды, шығарманың орындаушылық ерекшеліктерін ажырата білуді үйретеді. Шағын вокализдерді, халық әндерін орындауды, 2-3 дауысқа жазылған балалар, әйелдер, ерлер хорларына арналған шығармаларды дирижерлауды көздейді.
Вокалды-дирижерлық жұмыс ІІ - Дыбысты алып жүруді, диапазонмен жұмыс жасауды, мектеп әндерін үйренуді, хорды дирижерлауда шығармашылық деңгейін көтеру үшін музыкалық туындыларды орындауды, дирижерлау барысында 5/4, 5/8 өлшемдерді «5»-ке не «2»-ге дирижерлап, staccato әдісін қолдануды қарастырады.
Вокалды-дирижерлық жұмыс ІІІ - Мектеп ән репертуарымен, вокалдық шығармалармен жұмыс жасауды, берілген шығарманы дирижерлауда шығармашылық ізденіс танытуды, музыкалық орындаушылық дағдыларын қалыптастырып, шығармамен жұмыс жасауда әуендік, үндестіктік және тембрлік естуді қарастырады. Ән репертуарын таңдауды, интонациялық тазалықпен жұмыс жасауды, 6 үлесті өлшемдерді 6/4, 6/8 – «6»-ға және «2»-ге marcato штрихында тез жылдамдықтарда дирижерлауды үйретеді.
Аспаптық жұмыс І - Аспапта орындауда сөйлеммен, фразамен, аралас штрихтармен жұмыс жасау, аппликатураны дұрыс қою, шығарманы мәнерлі орындау, шығарманың орындаушылық ерекшеліктерінің ажырата білуді үйретеді. Таңдалған қосымша аспаптың құрылысымен, қойылымымен танысып, дыбыс шығару, жеңіл жаттығуларды орындауды көздейді.
Аспаптық жұмыс ІІ - Аспапта орындау техникасын дамыту, күрделі штрихтарды меңгеру, өз бетінше шығарманы талдауды үйрену, таңдалған қосымша аспапта орындау ерекшеліктерін білу, сүйемелдеумен орындауда ансамбльдік үйлесімділікті сезіну, сүйемелдеушіні тыңдап үйрену, репертуармен жұмыс жасай білу.
Аспаптық жұмыс ІІІ - Жинақталған музыкалық материалдарға (күйлер, шығармалар, әндер және т.б.) сүйене отырып, орындаушылық техниканы дамыту тәсілдерін, топтық жұмысқа баулуды қарастырады. Музыкалық көркем құралдарды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып, өз жұмысын шығармашылықпен көрсету, критерийлерге сәйкес бағалау және өзінің орындау техникасын жетілдіруді көздейді.
Орындаушылық жұмыс - Күрделі шығармаларды орындауда орындаушылық ерекшеліктерін, мәнерін ескеріп, шығарманың көркемдік ойын ашу, техникалық мүмкіндіктерін көрсете білу, вокалды-дирижерлық жұмыс жасауда жоғары позицияларда әндетуді меңгеру, күрделі шығармаларды әндетіп, дирижерлауда техникалық ерекшеліктерді білу, дыбысты алып жүру, топта жұмыс жасауда креативтілік пен коммуникативтілік танытуға баулиды.
Аспаптық шеберлік - Өз бетінше репертуар таңдап, штрихтық және техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармамен жұмыс жасауда, әртістік қабілетін шыңдап, сахна мәдениетін меңгеруде, аспаптық композицияны орындауда шығарманың көркемдік ойын және шығармашылық мәнерін ашып, топта жұмыс жасай білуде, іскерлік танытуды үйретеді.
Вокалдық шеберлік - Әншілік тыныс алудың негізгі ережелеріне, дауыстың вокалдық техникасына, резонаторлар, артикуляциялық аппарат және диапазонды кеңейту жұмыстарын саналы түрде қою тәсілдерін үйретеді. Вокалды-педагогикалық білімін нығайтуды, академиялық, дәстүрлі, эстрадалық ән айту мәнерлерінің әдістемесін үйретіп, шығармашылық жұмысқа қызығушылықты оятуды көздейді.
Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру - Тақырыптық және концерттік іс-шараларды жоспарлауды, сценарий жазып, концерттік бағдарламаны жасақтауды, репертуар таңдауды, жүргізушілер мен қатысушыларды ұйымдастырып, олармен дайындық жұмыстарын жүргізуді, сахна мәдениеті мен әртістікті үйретіп, бос уақытты тиімді ұйымдастыруды көздейді.
Аспапта орындаудың әдістері - Аспаптардың жіктелуін, орындау әдістерінің ерекшеліктерін, аспапта ойнауды үйрету әдістерін, техникалық дағдыларды дамытуда гамма, арпеджио, аккордтарды жаттығу әдісімен орындаушылық жұмысты көздейді. Ірі формадағы шығармаларды репертуарға қосып, ансамбльде ойнауды үйретуге, есту қабілетін дамытуға және жазылған нота мәтінін аспапта орындауға баулиды.
Дауыс қоюдың әдістері - Дауыс қоюда вокалдық-теориялық білімдердің негізінде дауыстың жасқа байланысты даму ерекшеліктерін, «аппаратпен» жұмыс жасауда дауысты дұрыс қоюды, диапазонына сай репертуар таңдап, әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізуді,интонациясының таза,физиологиялық ерекшелігін ескеріп, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен айтудың негіздерін үйретеді.
Дирижерлаудың әдістері - Үздік хор ұжымдарының және ұлы хормейстерлердің жетістіктері жайлы, жалпы хор орындаушылығының тарихи мағлұматтары, хор жүргізудің өзекті мәселелері, дирижердың алдына орындаушы ретінде қойылған міндеттер талдауы қарастырылады. Хор партитураларымен жұмыс жасауды үйрету және дирижерлау техникасының практикалық жұмыстарында дирижерлық жестті қолданудың қажетті дағдылары мен біліктерін игеру көзделеді.