Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасы

Оқу әдістемелік жұмыстар

 

 

 

AP19175630 «STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін қалыптастырудың жүйесін әзірлеу» жобасы аясында 13-14 қыркүйек күндері М1301-12, М1301-22 оқу топтарымен семинар ұйымдастырылды.  Семинардың басты мақсаты – бастауыш білім беру пәндерін  STEM білім беру жағдайында оқытудың және ғылым салаларын интеграциялау арқылы пәнаралық байланысты орнатудың жолдарын талдау.

Семинар барысында бастауыш білім беру процесін STEM білім беру жағдайында ұйымдастырудың тәжірибесі талданып, нәтижесінде білім алушылар қолданыстағы заттарды қолдану арқылы қарапайым тәжірибе жасап, қоршаған орта мен табиғатты зерттеуді, кіріктірілген жобаларды іске асыру мақсатында пәндер арасындағы байланысты орнатудың маңызын түсінді.

Алдағы уақытта жоба бойынша жұмыс жалғасын табады.

AP19175630 «STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін қалыптастырудың жүйесін әзірлеу» жобасы аясында күнтізбелік жоспарға сәйкес 21-30 қыркүйек күндері Түркия мемлекеті, Анкара қаласы, Гази университетінде іссапар жұмысы ұйымдастырылды.

Іссапар барысында атқарылған жұмыстар:

- 20-23 қыркүйек аралығында Анкара университетінде ұйымдастырылған «INTERNATIONAL  EDUCATION CONGRESS 2023» атты конгреске жоба аясында «Interdisciplinary teaching of primary education subjects» атты тақырыпта мақала ұсынылып, баяндама жасалды;

- «Eğitim» факультетінде STEM білім беру жағдайында ұйымдастыруға бағытталған арнайы дәрісханамен танысып, оқу процесінде іске асырудың жолдары қарастырылды;

- Гази университетіне қарасты бастауыш мектептің оқу процесін STEM білім беру жағдайында оқытудың мүмкіндіктері мен тәжірибесіне талдау жүргізілді;

- Сондай-ақ, зерттеу мәселесі бойынша ғылыми еңбектерге талдау жүргізілді.

Жоба бойынша жұмыс жалғасуда.

 

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау»білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен "Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы" атты тақырыпта лекция (1301-12, 1301-22, 1301-32, 1301-42 оқу топтары) сабағым ерекше әдіспен өтті. Себебі, пәннің қарастыратын тақырыптары бастауыш сынып оқушыларының таным процесін зерттеуге бағытталғанОсы орайда, Психологиялық қолдау орталығының басшысы, маман педагог, ғалым, психолог-практик Гүлнара Төреханқызы қатысып, тақырып аясында қызықты тәжірибе мен тренингтер ұйымдастырдыБілім алушылар үлкен ризашылықпен қабылдадыӨз тарапымнан маман педагог-психологқа ерекше Алғысымды білдіремін Болашақ кәсіби заманауи мұғалім дайындау барысында теория мен практиканы ұштастыра отырып білім беруді жоспарлап отырмыз. П.ғ.к., доцент Тілеуова Сәулеш Сабырбекқызы.

«Жүсіпбек Аймауытұлының рухани мұрасы: мәдениет және көркемдік құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға AP19175630 «STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін қалыптастырудың жүйесін әзірлеу» жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес «STEM білім беру жағдайында метапәндік біліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктері» атты мақала ұсынылып, баяндама жасалды. Жоба бойынша жұмыс жалғасуда.

Жоба жетекшісі: Есназар А.Ж.

2023 жылдың 3-ші қарашасында Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының  PhD, аға оқытушысы Онтуганова Шынар Шералиевна «Математика негіздері» пәнінен  1301-23 оқу тобы студенттеріне «Шамаларды өлшеу. Сан ұғымының кеңеюі. Бүтін сандар. Рационал сандар» тақырыбында ашық сабақ (практикалық сабақ) өтті.  Сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: бүтін сан ұғымын меңгеру; шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану; рационал сан ұғымын меңгеру. 

Сабақ барысында “Комплмент”, «Ыстық пицца», «Тәтті сұрақтар», «Learningapps» мультимедиялық қосымшасы, «Балапанды анасына қайтар», «Әрқашан. Кейде. Ешқашан» және «Құнды пікір»  әдістері қолданылды. Студенттер сабаққа белсенді түрде қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
Сабаққа «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі PhD, аға оқытушы А.Есназар, п.ғ.к. Г.Уристенбекова және магистр оқытушы Ж.Ергашова қатысып өз пікірлерін ортаға салды.

 

«ҰСТАЗДАР ШЕБЕРХАНАСЫНЫҢ ИГІЛІКТІ ҚАДАМЫ»

Бастауышта оқыту әдістемесі кафдрасының аға оқытушы-профессорлары А.К.Калжанова, Н.С.Исалиева, Ш.Ш.Онтуганова, Ж.Е.Ергашова, А.Д.Копабаевалар университет базасында «Заманауи білім беру технологияларын педагогикалық үрдіске енгізуде оқытушылардың пәндік кәсіби құзыреттілігін  дамыту» атты біліктілікті арттыру  курсына  қатысты. Курс барысында оқытушылар білім беру мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттармен, заманауи білім берудегі педагогикалық технологиялармен,  интербелсенді оқытуды қолданудың әдістемесімен және жоғары оқу орнында сабақты ұйымдастыру, білім алушыны бағалау  бойынша дәріс алды. Дәріс беруші аға оқытушы, п.ғ.к. З.Б.Куанышбаева  шығармашылық әлеуеті жоғары, кәсіби білікті маман ретінде жұмыс жасау тәсілдерін үйретумен  қатар, білікті маман даярлауда оқытудың жаңашыл әдістемесін қолдану дағдысы бойынша дәріс, практикалық жаттығулар, тренинг, шеберлік сағаттарын өтті.

Курсқа қатысушы оқытушылар теориялық біліммен бірге білім беру мазмұнындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып-зерделеп, заманауи педагогикалық технологиялар мен интербелсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы пәндік кәсіби құзыреттілігін  арттырып, біліктілік арттыру курсын сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды.

 

                                                           

Педагогтың кәсіби дамуының кепілі не?

Тарих және педагогика факультетіне қарасты «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының профессор-оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру және әдістемелік тұрғыдан жетілдіру мақсатында «Білім сапасын арттыруда әдістемелік жұмыстардың тиімділігі» атты ашық семинар ұйымдастырылды. Семинарда кафедраның аға оқытушысы,  п.ғ.к. З. Қуанышбаева «ЖОО-да білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда сабақ үрдісін ұйымдастырудың тиімді әдістері» тақырыбында тәжірибелік сабақтар және PhD, аға оқытушы А.Ж.Есназар «Бастауыш білім беру пәндерін STEM арқылы оқыту» атты әдістемесімен бөлісті. Сонымен бірге «Өрлеу» БА ҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ филиалының аға оқытушысы  М.Мұсаева «Lesson study – зерттеу сабағы» тақырыбында баяндама жасады. Ал, аға оқытушы Н. Әзбердиева «Бастауыш сыныпта қысқа мерзімді сабақты ұйымдастыруда оқу мақсатына сәйкес қалыптастырушы тапсырмаларды әзірлеудің тиімді тәсілдері» тақырыбында тренингтер мен шеберлік сағаттарын  ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар білім беру мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттармен, заманауи білім берудегі педагогикалық технологиялар мен интербелсенді оқытуды қолданудың әдістемесімен танысты. Сондай-ақ, жоғары оқу орнында сабақты ұйымдастыру, білім алушыны бағалау маңыздылығын түсініп, оны іске асыру, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқытушының  кәсіби құзыреттілігін  арттырды.