Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасы

Кафедра меңгерушісі және эдвайзерлер

Кафедра меңгерушісі

Есназар Асель Жаңабергенқызы

Кафедра меңгерушісі, аға оқытушы PhD доктор

 

ӨМІРБАЯН

 

          1985 жылы 11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келді. 2001-2005 жж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша; 2007-2009ж.ж. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураны; 2018-2021жж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 6В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша докторантураны оқыды. Еңбек жолын 2005-2006 жж. аралығында «Мұрагер» колледжінде оқытушы қызметінен бастады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушысы қызметіне қабылданып, 2017 жылы ғылыми кеңестің шешімімен аға оқытушы қызметін атқаруда. Жалпы еңбек өтілі 15 ж, ОҚМПУ-да 9 жыл 3 ай, Педагогикалық өтілі – 14 жыл

БІЛІМІ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Бастауыш сынып мұғалімі 2001-2005жж.

Шымкент әлеуметтік- педагогикалық университеті "Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі" магистрі 2007-2009жж.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 6В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі (докторантура) 2018-2021жж.

Публикации:

1) «Determination of primary school children’s speech skills in interdisciplinary communication in learning environments» // World Journal on Educational Technology: Current Issues. – 2020. – V. 12. - Issue 4 – Р.373-388. Scopus (индекс хирша): ISSN: 1309-1506

2) «Пәнаралық байланыс» ұғымын анықтаудың дидактикалық тәсілдері // Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Хабаршысы «Педагогика ғылымдары» сериясы. – Алматы, 2019. – №4(64). – Б.49-53. ISSN 1728-5496

3) Бастауыш сынып пәндерін пәнаралық байланыста оқыту // Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. Алматы, 2020. - № 2(82). – Б. 170-179. ISSN 2306-5079

4) Оқытудағы пәнаралық байланыс мұғалімдер тәжірибесінде // «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӨМІРІ» халықаралық ғылыми журналы. – Алматы, 2020. - №12/6 (152). –Б. 60-64. ISSN 2073-333X

5) Қазақ тілі сабағында пәнаралық байланыс арқылы сөйлеу әрекетін дамыту // «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӨМІРІ» халықаралық ғылыми журналы. – Алматы, 2020. - №12/7 (153). –Б. 192-195.

ISSN 2073-333X

6) The place of interdisciplinary communication in the updated educational program // Innovation and Global Issues congress v 2019. Ankara/Turkey,

2019. – Б.1211-1215.

7) Бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамытудың мәні мен мазмұны // «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. – Шымкент, 2020. – Б. 597-601.

8) «Ойлау» мен «сөйлеу» ұғымдарының психологиялық және педагогикалық мәселелері // Qazaq bilimi республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. 2020. – Б.42-44.

 


Эдвайзер

аға оқытушы Сауытбаева Индира Дүйсенәліқызы

 

ӨМІРБАЯН

 

1987 жылы 13 қаңтарда Шиелі ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқып, үздік бітірді. 2009-2011 жылдары Абай атындағы Магистратура PhD доктарантура институтында «Бастауыш сыныптарда математика сабағында калькуляторларды қолданудың мүмкіндіктері» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады. 2011-2012 жылдары М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институында «Гуманитарлық пәндер» кафедрасында магистр оқытушы қызметін атқарды. 2012-2014 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында «Гуманитарлық және әлеуметтанудың» ғылыми мектебінде «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасында магистр оқытушы қызметін атқарып келеді. ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың ІІІ базалық деңгейлеу бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсынан 18.03.-12.04.2013ж. аралығында өтіп, сертификат алған. 10.03.2014-06.04.2014 ж. аралығында «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми- педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтында біліктілігін арттырып, сертификат алды. 25-тен аса мақалалардың авторы. 2019 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруда. Педагогикалық өтілі - 12 жыл.