Факультет тарихы
Өнер және білім факультеті
1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.
Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М. т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызметке қалдырылды.
Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды.
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы №722 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта ашылды.
2013-2014 оқу жылында ОҚМПИ-ның Ғылым кеңесінің 26.02.2014ж. № 5 мәжілісі шешімімен «Жаңа технология және өнер» факультеті құрылды. 2017 жылы 31 тамыз №1 кеңейтілген мәжілісінде қаралып атауы «Кәсіптік - шығармашылық» факультеті болып оны п.ғ.д., профессор, Қазақстан ПҒА академигі Медеубек Жұматайұлы Тәңірбергенов басқаруда.
Қәзіргі таңда факультетте ҚР «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары» мемлекеттік грант иегерлері М.Ж.Тәңірбергенов(2007, 2014жж.), Д.Қ. Пошаев(2016ж.) еңбек етеді. Сонымен қатар 3 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 1 Қазақстан ПҒА академигі, 6 педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1 Phd докторы, 1 Философия ғылымдарының кандидаты, 1 Өнертану ғылымдарының кандидаты, 3 ҚР мәдениет қайраткерлері, 1 ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі және магистр аға оқытушылар абыроймен қызмет атқарып келеді. Факультетте 5 бакалавр , 4 магистратура, 1 докторантура мамандықтары бойынша дайындайды.
5В010600 - « Музыкалық білім»;
6В01403-Музыка мұғалімдерін даярлау;
5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»;
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау;
5В012000 - «Кәсіптік оқыту»;
5В042100 – «Дизайн»;
6В02101-Сән интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны;
7М01403-Музыкалық білім педагогын даярлау;
7М01404-Көркем еңбек және сызу;
7М01406-Кәсіптік оқыту;
8D01200-Кәсіптік оқыту;
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей сияқты шетелдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыс жасайды. Сонымен қатар факультет студенттері халықаралық спорттық жарыстарда, республикалық пән олимпиадасында бірнеше рет жүлделі орындарды иеленіп, оқу орнымыздың мерейін асыруда.
Факультет студенттерінің жетістіктері:
Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтермен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен дамыту мақсатында өткізілген Оралхан Бөкей атындағы «КӨРКЕМ СӨЗ-2017» оқу шеберлерінің XIX облыстық байқауында К106-13 тобының студенті Оспан Ақерке Фархадқызы бас жүлде иегері атанды.
2018 жылы Алматы қаласында өткен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған Жырлайды жүрек» X Республикалық ән-жыр байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша талантымен ерекше танылған 106-14 тобының студенті Аманжол Мұхтар бас жүлде иегері атанды.
Абай Шәкәрім шығармаларын орындаушылардың облыстық байқауында Абайдың, Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындауда үздік өнер көрсеткені үшін К106-13 тобының студенті Музаппаров Алмасқожа I орын иегері атанды.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 50-жыл толу мерей тойына орай Республикалық ЖОО студенттері арасында өткен «Студенттік көктем-2017» «Жастар дауысы» ретро әндер байқауында 106-14 тобының студенті Баратов Дәуіт Сапарханұлы 3-орын иегері атанды
Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтермен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен дамыту мақсатында өткізілген «КӘНЕКЕЙ ТІЛІМ СӨЙЛЕШІ» атты облыстық байқауында К106-13 тобының студенті Оспан Ақерке Фархадқызы III орын иегері
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесі қарсаңында өткен XIII ұлттық жастар Дельфилік ойындарының облыстық байқауында «Поэзия» номинациясы бойынша 106-14 тобының студенті Аманжол Мұхтар I орын алды
Атырау қаласы 2017 жылы 23 қараша айында Жұмекен Нәжімеденов атындағы Көркем сөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында жүргізушілер номинациясы бойынша К106-13 тобының студенті Оспан Ақерке I орын иегері атанды
Музыкалық білім мамандығының студенттерінің Халықаралық интернет-байқаулардың жеңімпаздары: К106-16 тобының Амина Алижанова «Ирландия», 106-16К тобының студенті Назерке Айлез «Германия»-кафедра меңгерушісі А.Т.Досбағанбетова:106-15К тобының студенті Еркебұлан Сәбит «Франция, Англия, Афстрия» -жетекшісі аға оқытушысы А.М.Қарсыбаева, 106-14 тобының студенті Ж.Ерсінбек «Франция», К106-12 тобының студенті А.Злаева «Испания»-жетекшісі аға оқытушы Ш.С.Арыстанова, 106-14 тобының студенті А.Айтбай «Дания», Н.Пірімова «Ирландия», жетекшісі аға оқытушы С.З.Байбатшаева.
ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадасында 2-орын, VIIІ Республикалық пәндік олимпиадасында 1-орын иеленді.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VIIІ Республикалық пәндік олимпиадада 2-орын, ІХ Республикалық пәндік олимпиадада 3-орынды иеленді.
Институтта 2017 жылдың 6-7 сәуір күндері «Кәсіптік оқытуды модернизациялау – адами капитал сапасын арттыру басымдылығы» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша IX Республикалық пәндік олимпиадасы жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.
2017-2018 оқу жылында факультетте күндізгі бөлімде 328 студент білім алуда, оның ішінде 184 студент мемлекеттік грант иегері, студент 144 келісім шарт негізінде білім алады. Факультетте 4 кафедра жұмыс атқарады.
Факультет ұжымы жұмыс берушілермен, республиканың жоғары деңгейлі ЖОО-мен тығыз байланыста және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен байланыстар жасауда. Сонымен қатар факультет ПОҚ-ы студенттерге озық білім мен өнегелі тәрбие беруде өз үлестерін қосып келеді.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ» атты халықаралық суретші – ұстаздар симпозиумы 2016 жыл, қазан.
Факультет студенттері шетелдерге интернет байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды
IV Республикалық студентік пәндік олимпиадасы 107-12к оқу тобының студенті Қасмырзаев Бекмырза. Тараз қаласы.2013ж.
Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенті В. Бейісбекованың жеке көрмесі. Шымкент қаласы 2013ж
Кәсіптік оқыту мамандығы студентті темір өңдеу шеберханасында. 2014ж.
Кәсіптік оқыту мамандығы студенттері тігін шеберханасында Құрақ құрау 2015ж.
Кәсіптік оқыту мамандығы студенттері тігін шеберханасында 2015ж.
2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері
2018-2019 оқу жылының қараша айында өткен облыстық «Туған жерім-түғырым» терме байқауына қатысқан 106-15к тобының студенті Айлез Н. бас жүлдені ұтып алды.
2018жылдың желтоқсан айында 106-16 топ студенті Нұрпопа Диана «Қазақстан КВН Одағы» ұйымдастырған Республикалық жоғары лига ойындарына қатысып, 2 орын «Вице-чемпион» атағын жеңіп алды.
«Тақ-Сер мүгедектер қоғамы» және «Шымкент қайырымды жандар» еріктілерінің ұйымдастыруымен өткен «Сулулық сыры» атты қайырымдылық кешіне қосқан үлесі үшін 106-15 оқу тобының студенті Смадияр Айнұр алғыс хатпен марапатталды.
Ел ордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастырыумен өткен байқауда қоғам дамуынан қалыс қалмай,өрнекті өнерді биік мәртөбеге балап, халыққа өнерден шуақ шашып, қуаныш сыйлағаны үшін Смадияр Айнұр алғыс хатпен марапатталды.
«Жетісу шабыты» мугедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен өткен Республикалық көрмейтін және нашар көретін жандар арасындағы ІІІ-ші «Екі жұлдыз» ән фестиваліне Смадияр Айнұр қатысып, ІІІ орын лауреаты атағын жеңіп алды.
Жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында өткен көп жанрлы Халықаралық фестиваль-конкурста с106-16 оку тобының студенті Барабанов Игорь өз өнерін көрсетіп І орынды жеңіп алды.
ҚР мәдениет саласының үздігі Қарсыбаева Айман Мұсақызы облыстық филармония залында өз шығармашылық кешін өткізді.
Түркістан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Шарықта, шалқар шабытым» облыстық байқауында «Асқақтай бер, Астана» номинация бойынша 106-15 оқу тобының студенті Смадияр Айнұр І орынды жеңіп алды.
28.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Студенттік ректорат ұйымдастырған «Университет аруы- 2018» байқауында үздік өнер көрсеткені үшін К106-17 оқу тобының студенті Сейітбек Камиллә «Университет аруы-2018» атағымен және бас жүлде дипломымен марапатталды.
04.04.2018ж.Сұлтан Жаңбыршиевтің «Көктем ш ақырады» жеке шығармашылық көрмесі өтті.