Спорт-бейбітшілік елшісі

2023 жылдың 29 қараша күні «Қазақстан» мәжіліс залында  Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  32 жылдығына орай «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен «Спорт-бейбітшілік елшісі» атты мерекелік іс-шара болып өтті. 
Қазіргі таңда университетімізде 12 Әлем чемпионы оқып жатыр. Университетіміздің өркендеп дамуына спорт саласында қосқан үлестері және Әлем чемпионатында Көк байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымыздың үнін асқақтатқаны үшін Әлем чемпиондары: Тазабек  Зейнеп Исламбекқызы
5 дүркін әлем чемпионы, Мәлік  Арайлым Зейлбекқызы 3 дүркін әлем чемпионы, Мансур Мұқағали Қанатұлы 3 дүркін әлем чемпионы, 
Роман Данияр Арманұлы 2 дүркін Әлем чемпионы, Абдразакова Арайлым
Альмухаммедовна 2 дүркін Әлем чемпионы 5 дүркін Қазақстан чемпионы
3 дүркін әлем кубогының иегері, Мүтәліп  Шерім  Мәдиұлы 2 дүркін әлем чемпионы, Абен  Меруерт Алдабергенқызы 3 дүркін әлем чемпионы,  Қалыбек Дастан Нуржанұлы Әлем чемпионы, Ақтай Бекқуат Қожакелдіұлы
Әлем чемпионы, Белесбек Сырымбек Күдербекұлы 2 дүркін әлем кубогының иегері әлем чемпионы, Турсынбек Венера Рустамқызы Әлем чемпиондарымыз алғыс хатпен марапатталды. Әлем чемпиондарының үлкен спорттағы әр қадамы – жастар үшін үлгі-өнеге, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Әлем чемпиондарына зор денсаулық, оқуда және спортта толағай табыс тілейміз!