ОҚМПУ СТУДЕНТТЕРІ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

 

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық, орталығының» ұйымдастыруымен @shymqala_zhastary
қала университеттерінің студенттері арасында
«Бозбала мен бойжеткен» байқауын өткізді. Мақсаты -
жастарды қазақ халқының дүниетанымына сай
әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, талантты, талапты жастарға қолдау
көрсету.

15 сәуір - «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне
орайластырылған байқауда 8 жұп бақ сынады. Әр университеттен алма мойын, қиғаш қас бұлбұл қыздар
мен жуан білек, апайтөс дүлдүл жігіттер ән айтудан, би элементтерін орындаудан, орындаушылық шеберліктен, поэзия жанрын орындаудан, халық ауыз әдебиетінің шығармаларын мәнерлеп айтудан, салт-дәстүр мен әдет- ғұрыпқа байланысты қойылымдар қою шеберлігінен жарысқа түсті.

Нәтижесінде бас жүлдені ОҚМПУ студенттері, Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1 курс 1402-12-7 тобының студенті Мұхаммадұлы Даниал @ukhammauly мен 2 курс 1402-11 тобының студенті
Адылбекқызы Ақсезім @adilbekovvvna жеңіп алды.
Жеңімпаз студенттердің жетекшілері - мәдениет бөлімінің басшысы Әмірғалиева Гүлсанат @gulsanat_bolatkyzy пен жастар саясаты бөлімінің
басшысы Тасболат Бекдәулет @bekdaulet.tb
2 орынды Орталық Азия университетінің студенттері алса, 3 орынға М.Әуезов атындағы ОҚУ шәкірттері
лайық, деп танылды.
Оку ордамыз және факультетіміздің абыройын арттырған студенттерімізге шын ықыласты құттықтауымызды жеткіземіз.