Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІV Республикалық онлайн пәндік олимпиадасы өтті.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2023 жылдың 19-20 сәуірінде 6В01401 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІV Республикалық онлайн пәндік олимпиадасы өтті.

       Пәндік олимпиаданы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Керімбеков Ержан Рахымжанұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, тәрбие, идеология және әскери – патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары - подполковник Мадияров Р.Ж., Шымкент қаласы білім басқармасының  «Әдістемелік орталығы» «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің әдіскері Нускабаев Б.К.,  Бастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің басшысы Төребекова Г.З. және мектептерден алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары да қатысып, 6В01401 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының бүгінгі жай күйі мен толғандырған мәселелерді ортаға салды.

        Қазылар алқасы төрағасының орынбасары «Бастапқы әскери дайындық және дене»  кафедрасының  меңгерушісі Нұрқасым Бейсенбайұлы Шегенбаев пәндік олимпиаданың өту ережесімен таныстырып шықты. Олимпиада 3 турдан тұратынын эссе, үздік сабақ және сұрақ – жауап бойынша өтетінін айтты.

       Қазылар алқасы алдын ала жіберілген эссе және үздік сабақтың бейне жазбасын қарап бағалап шықты. 20 сәуір күні ZOOM платформасында тікелей қатысушының таңдауымен сұрақ қойылып, сол сұраққа берген жауаптары бағаланды. Жалпы 11 жоғары оқу орнынан командалар қатысса, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті пәндік олимпиаданы ұйымдастырушы ретінде конкурстан тыс қатысты.

        21.04.2023ж. сағат 1000-де пәндік олимпиаданың қорытындысы жарияланды. Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Керімбеков Ержан Рахымжанұлы сөз алып пәндік олимпиадаға қатысқан барлық қатысушылар мен жетекшілеріне алғыс білдірді. Қатысушы жоғары оқу орындарының өкілдері де өз ой пікірлерін айтып, ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде өткеніне тоқталды. Сөз соңында қазылар алқасының төрағасы, дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы екі күнге созылған пәндік олимпиада қорытындысын хабарлады. Ережеде көрсетілгендей бірінші орын -1, екінші орын -2, үшінші орын-3 болып марапатталды.

    

   I-ОРЫН  Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

      

   II-ОРЫН Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

   II-ОРЫН Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

    

   III-ОРЫН М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

   III-ОРЫН Шерхан Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз инновациялық   университеті

   III-ОРЫН Жәңгір хат атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техниқалық университеті

 

     Сонымен қатар осы пәндік олимпиадаға студенттерді дайындаған жоғары оқу орындарының өкілдері де алғыс хаттармен марапатталды.