ОҚМПУ ДЕ СЕНБІЛІК

2023 жылдың 18-наурыз күні Дене шынықтыру және спорт факультетінің белсенді студенттері Наурыз мерекесіне орай “Наурыз сенбілік” ұйымдастырды. “Тазалық – табалдырықтан басталады” демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Дене шынықтыру және спорт факультетінің белсенді студенттері өзіне жүктелген аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізуге арналған сенбілік іс-шарасына белсене араласты. Сенбілік - тазалық кепілі. Сенбілікке қатысқан барлық белсенділерге алғысымызды білдіреміз