Ұлы Отан соғысының Жеңістің 77 жылдығына арналған іс-шара

2022 жылдың 5-ші мамыр күні Ұлы Отан соғысында Жеңістің 77 жыл толуына орай Абай саябағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіші алдында боздақтарды еске алып, ескерткішіне Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен 6В01401-Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 2,3 курс студенттері және оқытушылары: Құлсейтов Мелдебек Тазабекұлы, Батаев Дулат Алшынбаевич, «Дене шынықтыру және спорт» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекбосунов Аңсарбек Құралұлымен бірге гүл шоқтарын қойды.
Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде мұңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен өз өмірлерін құрбан еткен ержүрек жауынгерлеріміз - бүгінгі күндеде, болашақтада жоғары құрметке лайық екені даусыз.
Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек!!!