Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл

2022 жылдың 5-ші мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті кітапханасының «100 жаңа оқулық» оқу залында «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен 6В01401-Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері және оқытушылары: Құлсейтов Мелдебек Тазабекұлы, Кадырбаев Жомарт Абдикеримович, Батаев Дулат Алшынбаевич, «Дене шынықтыру және спорт» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекбосунов Аңсарбек Құралұлының бастауымен «Қазақстанның Қарулы Күштері - мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Кеш қонақтары: «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, «100 жаңа оқулық» оқу залының меңгерушісі Сатенова Қарлығаш Абдымалиевна.
Кеш барысында «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Анарбаев Қайрат Сапарханұлы және капитан Құлсейтов Мелдебек Тазабекұлы Қарулы Күштеріміздің тарихы, онда қызмет ету абыройлы қызмет екендігін, абырой, міндет, ерлік, батырлық, жауынгерлік дәстүрлері туралы айтып, студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп өтті.
Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл - 30 жыл толып отыр. Осы отыз жылдың ішінде еліміздің Қарулы Күштері барлық жағынан күшейіп, біліктілігі нығайып, алынбас қамалға айналып үлгерді, сондықтан жауынгерлік рухы жоғары, патриот, заманауи жарақтанған әскеріміз барда еліміздің ертеңі жарқын, ұйқымыз тыныш деп айта аламыз!