"Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым" атты әскери- спорттық эстафеталық жарыс

 

Бүгін 11.03.2022ж. ОҚМПУ  спорт кешенінде. "Дене шынықтыру және спорт факультеті" Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен  ауған соғысының аяқталуына 33 жыл толуына орай  6В01401-Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасының 1-ші курс студенттері арасында "Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым" атты әскери-спорттық эстафеталық жарыс болып өтті. Студенттер қол күрес, арқан тартыс, атыс қаруын шашу және жинау сияқты сайыстың көптеген түрлері бойынша жарысқа түсті. Шымкент қаласы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы            С. Рысбеков бастаған бір топ ардагерлер қатысып әділқазылық жасады.  Сарбаз және Қыран командаларының арасындағы сайыс өте тартысты өтті. Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Рысбеков үздік студенттер мен ұйымдастырушы оқытушыларды марапаттады.