Кафедра профессионального обучения и изобразительного искусства
Практикалық база және еңбекпен қамту
26.09.2024ж
Өнер және білім факультеті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының 3 курс 1404-12, 1404-32 оқу тобының студенттері академиялық кезеңмен қатар педагогикалық практикадан Ы.Алтынсарин атындағы N65 мектеп - гимназиясы, N47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде өтуде. Топ жетекшілері, п.ғ.к, аға оқытушылар Т.Ш. Маханов, Ғ.М.Сарыбаевтың әдістемелік көмек көрсету барысы.
31.05.2024ж
Бүгін 31 мамыр 2024ж. Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті басшылығының ұйғарымымен Өнер және білім факультеті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының п.ғ.к, аға оқытушысы А.С. Узахова, аға оқытушылар Ғ.М. Сарыбаев, Ш.А. Битемировалар Шымкент қаласы білім басқармасының Дарын орталығында өткен оқушылардың "Шебер қолдар" атты қалалық қолөнер байқауында әділ-қазылар алқасының құрамында төрелік етті.
Күні:31.05.2024ж
Сағат:12.00-13.00
Қын сүргін құрбандарын еске алу күніне сәйкес: Шымкент қаласы Қуғын сүргін құрбандары мұражайына Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының бірінші курс 1404-13к тобының студенттерімен экскурсия ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар: Ералин Қ.Е., Небесаева Ж.О., Жаңбыршиев С.Н.
23.05.2024ж
ҚАРАҚАЛПАҚСТАНМЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАЙДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева Қарақалпақстандағы бірнеше жоғары оқу орындарында болды.
Іссапар барысында Гүлжан Дәулетбекқызы Нүкіс қаласындағы Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінде арнайы меморандумға қол қойды. Келісім құжатына сай алдағы уақытта қос дипломды, бірлескен білім беру бағдарламаларын даярлау, профессор-оқытушы құрам мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қарым-қатынас орнату мақсаты көзделген.
Қазақстандық оқу орнынан барған делегацияны Қарақалпақстан қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Асқар Үмбетаев қабылдап, Қарақалпақстан ассамблеясындағы Достық үйінде кездесу болды.
21.05.2024ж
Бүгін Ө.Жәнібеков Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Өнер Және Білім Факультеті, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі Буркитбаев Талгат Сагындыкович, Музыкалық білім кафедрасының оқытушысы Байбатырова Ұлтуған Сарыағаш ауданының 9 мектебіне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп қайтты. Кездесуде мектеп түлектеріне университетке түсу талаптары, білім беру бағдарламаларымен таныстырып, түлектерді қызықтыратын көкейтесті сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, ББ-на түсу үшін қажетті бейіндік пәндер, қызмет саласы және мамандардың болашақ жұмыс орындары туралы толық мəліметтер берді.
23.01.2024ж
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген "Атадан ұл туса игі,ата жолын қуса игі "тақырыбындағы оқыушылармен кездесу өткізді .Утеболатов С.К.
ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЗЕРТТЕУІ ТҮРКИЯНЫҢ ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР ЖИНАҒЫНА ЕНДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жас ғалымы Жанар Небесаеваның «Түрік әлеміндегі көркемдік білім» атты зерттеуі Түркия «Sanat Araştırmaları: 1» (Өнерді Зерттеу: 1) ғалымдарының таңдамалы еңбектер жинағына енгізілді. Бұл жинақ жас ғалымның ғылыми тағылымдамадан өту барысында Акдениз университетінің профессоры, доктор Өмер Займоглумен бірге өткен көрмеде таныстырылды. Көрме «Кескіндеме, мүсін, сән, тоқыма дизайны және көркемдік білім» бағыттары бойынша ұйымдастырылды.
Жанар Небесаева — «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) «Болашақ» бағдарламасы «500 ғалым» жобасының жеңімпазы атанып, бүгінгі таңда Түркия еліндегі Акдениз университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Жас ғалымның өмірлік көзқарасы мен болашаққа деген бағдары жаңашылдыққа бағытталған, оның 130-дан аса ғылыми мақалалары, монография, оқулық пен оқу құралдары баспа бетінде жарық көрген.
Ол сондай-ақ, ҚР ҒжЖБМ қаржыландыратын жобалардың аға ғылыми қызметкері. Атап айтқанда, «Жоғары көркем білім берудегі "Мәңгілік ел" идеясы аясында ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды жаңғырту" (2018-2020)», «Дәстүрлі және қазіргі заманғы ұлттық көркемдік білім беру өнеріндегі экодизайн эволюциясы (2020-2023)». Сонымен қатар, педагогика және психология, бейнелеу өнері және сызу мамандықтары бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі және ҚР ҒжЖБМ 2021 жылғы ғылым саласындағы Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері.
16.04.2024ж
Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ералин Қуандық Ералыұлы 16.04.2024ж. күні кафедра оқытушы профессорлар құрамы мен студенттерге арналған «Бейнелеу өнері және этнодизайн шығармаларын көркемдік талдау өлшемдерін әдістерін оқу үдересіне қолдану атты ғылыми –өнертанымдық семинар өтті. Семинарда бейнелеу өнері шығармаларымен талдау өлшемдері, этнодизайн бұйымдарының көлемді және жазықтық бетінде орналасу формалары қарастырылды. Бейнелеу өнерінің реалистік бейнелеу, сәндік бейнелеу, абстрактілік бейнелеу әдістеріне нарратологиялық талдау жасалды. Өнертану мәселелерін талдауға ОПҚ мен магистранттар, доктаранттар белсенді қатысты.
ӨНЕРТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР
2024 жыл 25 сәуір күнгі, сағат 15.30, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Өнер және білім факультеті орналасқан, Тұмар ғимаратында Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасында «Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер» кескіндеме шебері Серік Жорабековтің «Көк күмбезді Түркістан» атты шығармашылығымен өнертанымдық тұрғыда танысуға арналған семинар өтті.
Семинардың мақсаты: «Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер» кескіндеме шебері Серік Жорабековтің «Көк күмбезді Түркістан» атты шығармашылығымен ОПҚ мен білім алушыларды өнертанымдық тұрғыда таныстыру; суретшінің кескіндеме және монументтік мүсін шығармаларына өнертанымдық талдау жасау; суретшінің ұлттық бейнелеу өнерінде алатын орнын анықтау.
Өнер және білім факультеті деканы Байбатшаева А.Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі Бүркітбаев Т.С. кіріспе сөз сөйледі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кескіндеме мен мүсін шебері Серік Жорабековтің шығармашылығы туралы п.ғ.д., профессор Қ.Е. Ералин баяндама жасады. Баяндамада өнер шеберінің шығармаларының шығу тарихы, ерекше туындыларына көркемдік талдау жасады, заманауи кескіндеме мен мүсін өнеріндегі өз орнын табу жолдарын анықтап, ұлттық бейнелеу өнерінің дамуындағы Серік Жорабековтің орнына баға берді.
Суретшімен субхат барысында: ол өз өмірінің жастық шағы, көрмелері,мұсін шығармаларын жасауға қатысты қызықты жайлары, шығармашылық шеберханасы туралы әңгіме қозғады. Білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. 1 курс докторанты Г. Саттар кескіндеме шығармашылығын интербелсенді құралдар арқылы экранда көрсеті. Кафедра оқытушы профессорлар құрамы суретші шығармаларының көркем білімдік, эстетикалық тәрбиелік және тұлғалар дамытушылық мәні туралы ой пікірлерін білдірді. Семинар соңында кафедра меңгерушісі Т.С. Бүркітбаев қорытынды жасады.
12.03.2024ж
Өнер және білім факультеті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы. 6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау БББ. 4 курс 1404-20 топ студенті Бауыржанқызы Жансая "Материалды таңдау және дайындау" атты ашық сабағын өтті. Т.Тәжібаев атындағы N47 мектеп-гимназиясы.
26.02.2024ж
Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының оқытушысы кәсіптік бағдар жұмыстарын өткізді.
26.02.2024ж
Өнер және білім факультеті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы. 6В02101-Дизайн білім беру бағдарламасы бойынша 2101-10 оқу тобының 4 курс студенттері 29.01.24ж - 23.02.24жж. аралығында өндірістік практикада болды. Бүгінгі қорытынды конференцияда өздеріне берілген жеке тапсырмалары бойынша әр түрлі стильде тігілген әрбір камзол, жилет т.б. киімдерге жеке тоқталып, практика құжаттарын өткізді. Студенттердің деңгейлері өте жоғары. Практика бойынша тағайындалған комиссия мүшелері тиісті бағаларын қойды.
23.02.2024ж
Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының оқытушысы кәсіптік бағдар жұмыстарын өткізді.
23.02.2024ж
Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының бір топ оқытушылары . Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн колледж білім алушылармен кәсіптік бағдар жұмыстарын өткізді. Сол іс-шараны өткізу көріністері төмендегі суреттерде көрсетілген.
21.02.2024ж
Өнер және білім факультеті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы. Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1404-20 тобының студенттері педагогикалық практиканы №75 мектеп-гимназиясында өткізуде. Топ студенті Сарыбаева Нұрсара 6 "Ә" сыныбында "Материалды таңдау және дайындау" тақырыбында ашық сабақ өтті. Болашақ маманның пәнге деген құлшынысы, оқушылармен байланысы жоғары деңгейде екендігі көрінеді.
09.02.2024ж
Шымкент қаласы.
“Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі”
6В02101-Дизайн мамандығының 3 курс студенттері
Жерекшісі: Қасмырзаев Бекмырза
05.02.2024ж
1404-10 тобының А. Байтұрсынов атындағы
N -50-ші мектептегі педагогикалық іс-тәжірибедегі іс-шараларынан көріністері
30.01.2024ж.
6В02101-Дизайн білім беру бағдарламасының 4-курс 2101-10 тобының білім алушылары 29.01.2024- 23.02.2024жж аралығында өндірістік практикасын Шымкент қаласы, Алия ательесінде өтуде. Практика жетекшісі Мыңбаева Н.Қ.
01.02.2024ж
29.01.2024
Өнер және білім факультеті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасында 29.01.2024ж. Практика бойынша "Орнықтыру конференциясы" болып өтті. 4 курс 1404-10, 1404-20 топтары (педагогикалық) және 4 курс 2101-10 тобы, 5 курс 2101-19 Дизайн топтары (өндірістік) практикаға жіберілді.
Практикаға жауапты: Ғ.М. Сарыбаев.
22.01.2024ж
02.02.2024ж
Бүгін, Өнер және білім факультеті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасында 1 курс Оқу практикасы және 2 курс Психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша "Орнықтыру конференциясы" болып өтті. Практика 22.01.24-02.02.2024ж. аралығында болады.
18-25.01.2024ж
Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті басшылығының ұйғарымымен "Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері" кафедрасының п.ғ.к., доцент м.а. Т.С. Буркитбаев және п.ғ.к., аға оқытушысы Т.Ш. Маханов 2024 жылдың 18-25 қантар аралығында өткен оқушылардың зерделеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХІ республикалық "Зерде" конкурсына әділ-қазылар алқасының құрамында төрешілік етті. Осы іс-шара барысында кәсіптік бағдар жұмыстары да жүргізілді.
Өнер және білім факультеті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы. 1404-31 тобының студенті Әбдразақов Е. Қ. Макаренко атындағы N-⁰41мектеп- лицейінде педагогикалық практика барысында ұйымдастырылған көрмесі және ашық сабақтарынан көріністер.
04.12.2023ж
Кәсіптік оқту және бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к., Маханов Тұрсынхан Шалабайұлының С.Нұрмағанбетов атындағы №72 жалпы орта мектебінде өткізілген кәсіптік бағдар жұмыстарының.
ЕСЕБІ
2023ж.желтоқсанның 4 жұлдызында №72 мектепте «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға Өнер және білім факультеті Кәсіптік оқту және бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к.,Т.Ш.Маханов қатысты. Іс-шараны өткізу барысын мектеп білім алушылары өздерінің таңдаған мамандықтары туралы әр-түрлі сценалар құрды.Өз кезегінде . Іс-шара барысында Өзбекәлі Жәнібеков атында Оңтүстік Қазақсатан мемлекеттік университетінің қабырғасында оқытылатын мамандықтар туралы мағлұматтар берілді. Мектептің білім алушылар тарапынан көкейде жүрген түрлі сұрақтар қойылды, сол сұрақтар талқыға түсіп керекті қосымша мәліметтер бердік.
«Өнер және білім» факультетінің деканы А.Е. Байбатшаева, «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі Небесаева Ж.О. кафедрада кәсіби бағдар жұмысына жауапты Сарыбаев Ғалымжан Мырзасейтович
Кафедра: Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері
ББ шифры және атауы |
Кәсіптік практика базасы |
Оқу тобы |
Студент саны |
Практика жетекшісі |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Балалар көркемсурет мектебі |
1404-12 |
13 |
Рысқұлов А.Қ. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Балалар көркемсурет мектебі |
1404-12 |
12 |
Рысқұлов А.Қ. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Ә.Кастеев атындағы өнер және дизайн колледжі |
1404-22 |
13 |
Рысқұлов А.Қ. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі |
1404-22 |
13 |
Рысқұлов А.Қ. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейі |
1404-32 |
13 |
Битемирова Ш.А |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі. |
1404-32 |
13 |
Битемирова Ш.А |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы білім беретін мектебі |
1404-42 |
13 |
Джунисбекова М.А. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Ә.Кастеев атындағы өнер және дизайн колледжі |
1404-42 |
13 |
Джунисбекова М.А. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, №28 жалпы орта білім беретін мектеп |
1404-52 |
9 |
Сарыбаев Ғ.М. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, №28 жалпы орта білім беретін мектеп |
1404-12к |
5 |
Жаңбыршиев С. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-лицей |
1404-12к |
2 |
Жаңбыршиев С. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей |
1404-11 |
13 |
Жолдасбекова Г.Д |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Б Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп интернаты |
1404-11 |
8 |
Жолдасбекова Г.Д |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, №65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия |
1404-21 |
13 |
Жолдасбекова Г.Д |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, № 58 жалпы білім беретін мектебі |
1404-21 |
11 |
Жолдасбекова Г.Д |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, №80 IT мектеп-лицейі |
1404-31 |
13 |
Битемирова Ш.А. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Б Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп интернаты |
1404-31 |
6 |
Битемирова Ш.А. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-лицей |
1404-31 |
3 |
Битемирова Ш.А. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі |
1404-10 |
13 |
Рысқұлов А.Қ. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп- лицейі. |
1404-10 |
3 |
Рысқұлов А.Қ. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, №77 А. Асқаров атындағы мектеп-лицей |
1404-20 |
13 |
Узахова А.С |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, А. Байтурсынов атындағы №50 мектеп-гимназия |
1404-20 |
7 |
Узахова А.С |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, №75 мектеп-гимназия. |
1404-19 |
11 |
Мадиева Д.П. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Түркістан облысы. Отырар ауданы. Темір ауылы С.Әлиев атындағы шағын жалпы жинақты мектебі. |
1404-19 |
1 |
Мадиева Д.П. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Түркістан облысы. Бәйдібек ауданы. Шаян ауылы. Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі. КММ |
1404-19 |
1 |
Мадиева Д.П. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп- лицейі. |
1404-29 |
12 |
Байбатшаева А.Е.
|
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Шымкент қаласы, №75 мектеп-гимназия. |
1404-29 |
2 |
Байбатшаева А.Е. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Түркістан облысы. Төлеби ауданы. Біркөлік ауылы. №7 IT мектеп- лицейі. |
1404-29 |
1 |
Байбатшаева А.Е. |
6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғаліміндерін даярлау |
Түркістан облысы. Қазығұрт ауданы. «Қызылдала» жалпы орта білім беретін мектеп КММ. |
1404-29 |
1 |
Байбатшаева А.Е. |
6В02101-Дизайн |
Шымкент қаласы. «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК |
2101-10 |
8 |
Битемирова Ш.А |
6В02101-Дизайн |
Шымкент қаласы. «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК |
2101-10к |
6 |
Калыков А.Ш. |
6В02101-Дизайн |
Шымкент қаласы. Ателье «Алия» |
2101-19 |
10 |
Мыңбаева Н.Қ |
5В042100 – Дизайн |
Шымкент қаласы. «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК |
421-18 |
4 |
Қасмырзаев Б.Н. |
Кафедра меңгерушісі: Небесаева Ж.О.
30.01.2023ж
Кәсіптік оқытыу және бейнелеуі өнері кафедрасының практиканың орнықтыру конференциясының барысы.
Өнер және білім факультетінің деканы: А.Е.Байбатшаева
Кәсіптік оқыту және бейнелеуі өнері кафедрасының меңгерушісі: Ж.О.Небесаева
Кәсіби бағдарға жұмысына жауапты: Ғ.М.Сарыбаев
09.02.2023ж
Шымкент қаласы, Ә.Кастеев атындағы өнер және дизайн колледжі
Оқу тобы:1404-42
Жетекші:Джунисбекова М.А.
22.02.2023
Түркістан облысы. Отырар ауданы. Темір ауылы С.Әлиев атындағы шағын жалпы жинақты мектебі.
Практикант:Базарбай.А.
Жетекші:Мадиева Д.П.
22.02.2023ж
Шымкент қаласы, №77 А. Асқаров атындағы мектеп-лицей
23.02.2023.
Шымкент қаласында ірі кәсіпорындардың қатысуымен «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі » өтті. Жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Маркетинг және мансап департаментінің мамандары ,Өнер және білім факультеті деканының орынбасары Б.Н. Қасмырзаев және бітіруші студенттер қатысып, өндіріс орындарымен танысып, жұмыс берушілерден мол мағлұмат алды.
21.02.2023ж
Шымкент қаласы.Ө.Жолдасбеков атындағы 9 мектеп-лицейінде практикадан өтіп жатқан студенттеріміз Сыдықов Мейірбекпен Әбілов Аманжол "Өнер әлемі" атты шағын көрме ұйымдастырды.