Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру

Профессор-оқытушылардың жетістіктері

 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2024 жылдың 03-07 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасы Самарканд  қаласында өткен каратэден (WKF) ересектер арасындағы Орталық Азия  чемпионатына  "Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру"  және спорт факультетінің магистр оқытушысы Катешев Мади Джумабаевич қатысып Орталық Азия Чемпионы атанды.

 

 

   

 

 

     

 

2021 жылдың  қыркүйек айында Мәскеу қаласында  каратэ-до спорт түрінен  өткен Әлем кубогы жарысында   ``Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру`` кафедрасының магистр оқытушысы: Катешов Мади  Джумабаевич жеңімпаз болды.

2021 жылдың 5-7 қарашасында Түркия Стамбул қаласында өткен каратэ бойынша Әлем чемпионатында әріптесіміз Катешов Мәди күміс жүлдеге ие болды.

 

       

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б. Момышұлы атындағы оқу орталығында "Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру" кафедрасының аға оқытушысы Ж. Қадырбаев және оқытушы Д. Батаев атыс  даярлығы  бойынша дәріс өтті.

      

Қазақстан Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2022 жылы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетінде насихаттау, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып ОПҚ және
студенттерімен бірлесе «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» тақырыбында факультет
деканы Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы, Бастапқы
әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының менгерушісі Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбаевич, деканың тәрбие жөніндегі орынбасары Бекбосунов Аңсар Құралұлы және студенттік декан Адылбекқызы Ақсезім баяндама жасап семинар өткізді. Іс шараға «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Анарбаев Қайрат Сапарханұлы қатысты.

Қазакстан Респбликасы ЖОО студенттері арасында Бауыржан Момышұлының  110 жылдығына  орай ұйымдастырылған XII Республикалық 6В01405-Бастапқы әскери дайындық білім беру. Бағдарламасы бойынша пәндік олимпиадасында дайындап өткізгені үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті марапатталды.

 

«Ғылыми шолу» атты қашықтықтан өткізілген IV Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында I-ші ОРЫНҒА ие болғаны үшін марапатталды.

Қадырбаев Жомарт Әбдікерімұлы

«Ғылыми шолу» атты IV Республикалық студенттер мен магистранттардың  ғылыми жұмыстары сайысында III-ші ОРЫНҒА ие болғаны үшін марапатталды.

Батаев Дулат Алшынбаевич

"Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым" атты әскери- спорттық эстафеталық жарыс


Бүгін 11.03.2022ж. ОҚМПУ  спорт кешенінде. "Дене шынықтыру және спорт факультеті" Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен  ауған соғысының аяқталуына 33 жыл толуына орай  6В01401-Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасының 1-ші курс студенттері арасында "Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым" атты әскери-спорттық эстафеталық жарыс болып өтті. Студенттер қол күрес, арқан тартыс, атыс қаруын шашу және жинау сияқты сайыстың көптеген түрлері бойынша жарысқа түсті. Шымкент қаласы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы            С. Рысбеков бастаған бір топ ардагерлер қатысып әділқазылық жасады.  Сарбаз және Қыран командаларының арасындағы сайыс өте тартысты өтті. Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Рысбеков үздік студенттер мен ұйымдастырушы оқытушыларды марапаттады.

.

    

2022 жылдың 5-ші мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті кітапханасының «100 жаңа оқулық» оқу залында «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен 6В01401-Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері және оқытушылары: Құлсейтов Мелдебек Тазабекұлы, Кадырбаев Жомарт Абдикеримович, Батаев Дулат Алшынбаевич, «Дене шынықтыру және спорт» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекбосунов Аңсарбек Құралұлының бастауымен «Қазақстанның Қарулы Күштері - мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Кеш қонақтары: «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, «100 жаңа оқулық» оқу залының меңгерушісі Сатенова Қарлығаш Абдымалиевна.
Кеш барысында «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Анарбаев Қайрат Сапарханұлы және капитан Құлсейтов Мелдебек Тазабекұлы Қарулы Күштеріміздің тарихы, онда қызмет ету абыройлы қызмет екендігін, абырой, міндет, ерлік, батырлық, жауынгерлік дәстүрлері туралы айтып, студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп өтті.
Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл - 30 жыл толып отыр. Осы отыз жылдың ішінде еліміздің Қарулы Күштері барлық жағынан күшейіп, біліктілігі нығайып, алынбас қамалға айналып үлгерді, сондықтан жауынгерлік рухы жоғары, патриот, заманауи жарақтанған әскеріміз барда еліміздің ертеңі жарқын, ұйқымыз тыныш деп айта аламыз!

   

2022 жылдың 4-мамыр күні Ұлы Отан соғысында Жеңістің 77 жыл толуына орай «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен 6В01401 - Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері және оқытушылары: Құлсейтов Мелдебек Тазабекұлы, Батаев Дулат Алшынбаевич, «Дене шынықтыру және спорт» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекбосунов Аңсарбек Құралұлының бастауымен Ордабасы ауданына қарасты Бадам елді мекенінің 98 жастағы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұратов Кәлменмен кездесу өткізіп қайтты.
Ол кісі бізбенен өмірбаяны және сұрапыл соғыс жылдары туралы естеліктерімен бөлісті. Мұратов Кәлмен — 1924 жылғы 21-ақпанда Арыс ауданы, Бөржар ауылдық Кеңесіне қарасты И.В.Сталин атындағы колхозда туылған. 1942 жылғы 1-тамызда «Бірлік» орталау мектебінің 6-сыныбында оқып жүргенінде әскерге шақырылды. Аягөзде командирлік курста алты ай оқып, сержанттық шен алды. 1942 жылғы желтоқсаннан 1943 жылғы қазанға дейін Серкопольда сарбаздарды соғысқа даярлады. Қарашада Бірінші Белорусь майданында неміс басқыншыларымен алғашқы ұрысқа түсті. 1944 жылғы ақпанда Витебск қаласында, 1-разьезде жау қорғанысын бұзу үшін болған шайқаста сол қолынан жараланып, Горькийдегі Дзержинскийдегі госпитальдарда емделіп, ауылына екінші топтағы мүгедек болып оралды.
Теміржолда ұзақ жыл еңбек етіп, «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Оныншы бесжылдықтың екпіндісі», «Социалистік жарыс жеңімпазы» атанды. «Құрмет белгісі», I дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері», «Астанаға 10 жыл» және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Ол өз сөзінде әскерде әскери тәртіптің мықтылығы, командирлерінің бұйрықтарын, тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны туралы еске салып өтті.
Бүгінгі күнде өткенді еске алу, жастардың жүрегінде патриоттық сезімдерін оятуда, кешегі соғыста антына адал болған жауынгерлердің кейінгі ұрпағына үлгі болары анық. Оларға құрмет көрсету ұрпақ парызы!

     

2022 жылдың 5-ші мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті кітапханасының «100 жаңа оқулық» оқу залында «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен 6В01401-Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері және оқытушылары: Құлсейтов Мелдебек Тазабекұлы, Кадырбаев Жомарт Абдикеримович, Батаев Дулат Алшынбаевич, «Дене шынықтыру және спорт» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекбосунов Аңсарбек Құралұлының бастауымен «Қазақстанның Қарулы Күштері - мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Кеш қонақтары: «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, «100 жаңа оқулық» оқу залының меңгерушісі Сатенова Қарлығаш Абдымалиевна.
Кеш барысында «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Анарбаев Қайрат Сапарханұлы және капитан Құлсейтов Мелдебек Тазабекұлы Қарулы Күштеріміздің тарихы, онда қызмет ету абыройлы қызмет екендігін, абырой, міндет, ерлік, батырлық, жауынгерлік дәстүрлері туралы айтып, студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп өтті.
Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл - 30 жыл толып отыр. Осы отыз жылдың ішінде еліміздің Қарулы Күштері барлық жағынан күшейіп, біліктілігі нығайып, алынбас қамалға айналып үлгерді, сондықтан жауынгерлік рухы жоғары, патриот, заманауи жарақтанған әскеріміз барда еліміздің ертеңі жарқын, ұйқымыз тыныш деп айта аламыз!

 

2022 жылдың қазан айының 9-10 күндері Шымкент қаласында өткен ересектер арасында WKF каратэден Қазақстан Республикасының чемпионатына Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Катешов Мади Джумабаевичты қатысып I-орын иеленіп кезекті 15-ші рет Қазақстан Республикасының чемпионы атануымен құттықтаймыз!!!

 

    

 "Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру" кафедрасының төмендегі тізімдегі  профессор оқытушылар құрамы  ОҚМПУ-нің 85 жылдық мерейтойына орай марапатталды.

Профессор – оқытушылардың аты жөні

Марапат түрі

1

Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы

 Түркістан облысы мәслихатының құрмет грамотасымен марапатталды

2

Жусипова Гүлмира Тұрдықызы

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінен алғыс хатпен марапатталды.

3

Құлсейтов Мелдебек Тазабекович

Қазақстан Республикасының білім саласына сіңген елеулі еңбегі үшін төсбелгімен марапатталды.

4

Балабаев Ержан Шертайұлы

«Аманат» партиясының бағдарламалары мен стратегиясын іске асыруда өз үлесін қосқаны үшін «Аманат»партиясы Шымкент қалалық филиалынан  алғыс хатымен марапатталды.

5

Колесникова Наталья Владимировна

Түркістан облысы мәслихатының құрмет грамотасымен марапатталды

6

Батаев Дулат Алшынбаевич

ОҚМПУ ректорының алғыс хаты

 

 

  

"22-Наурыз" мейрамында өткен арқан тартыс сайысы бойынша  1-орын

 

 

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2023 жылдың 19-20 сәуірінде 6В01401 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІV Республикалық онлайн пәндік олимпиадасы өтті.

       Пәндік олимпиаданы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Керімбеков Ержан Рахымжанұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, тәрбие, идеология және әскери – патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары - подполковник Мадияров Р.Ж., Шымкент қаласы білім басқармасының  «Әдістемелік орталығы» «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің әдіскері Нускабаев Б.К.,  Бастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің басшысы Төребекова Г.З. және мектептерден алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары да қатысып, 6В01401 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының бүгінгі жай күйі мен толғандырған мәселелерді ортаға салды.

        Қазылар алқасы төрағасының орынбасары «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру»  кафедрасының  меңгерушісі Нұрқасым Бейсенбайұлы Шегенбаев пәндік олимпиаданың өту ережесімен таныстырып шықты. Олимпиада 3 турдан тұратынын эссе, үздік сабақ және сұрақ – жауап бойынша өтетінін айтты.

       Қазылар алқасы алдын ала жіберілген эссе және үздік сабақтың бейне жазбасын қарап бағалап шықты. 20 сәуір күні ZOOM платформасында тікелей қатысушының таңдауымен сұрақ қойылып, сол сұраққа берген жауаптары бағаланды. Жалпы 11 жоғары оқу орнынан командалар қатысса, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті пәндік олимпиаданы ұйымдастырушы ретінде конкурстан тыс қатысты.

        21.04.2023ж. сағат 1000-де пәндік олимпиаданың қорытындысы жарияланды. Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Керімбеков Ержан Рахымжанұлы сөз алып пәндік олимпиадаға қатысқан барлық қатысушылар мен жетекшілеріне алғыс білдірді. Қатысушы жоғары оқу орындарының өкілдері де өз ой пікірлерін айтып, ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде өткеніне тоқталды. Сөз соңында қазылар алқасының төрағасы, дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы екі күнге созылған пәндік олимпиада қорытындысын хабарлады. Ережеде көрсетілгендей бірінші орын -1, екінші орын -2, үшінші орын-3 болып марапатталды.

    

   I-ОРЫН  Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

      

   II-ОРЫН Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

   II-ОРЫН Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

    

   III-ОРЫН М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

   III-ОРЫН Шерхан Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз инновациялық   университеті

   III-ОРЫН Жәңгір хат атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техниқалық университеті

 

     Сонымен қатар осы пәндік олимпиадаға студенттерді дайындаған жоғары оқу орындарының өкілдері де алғыс хаттармен марапатталды.

            

 

09.10.2023ж Алматы қаласында  ересектер арасында 1-ші ашық Азия чемпионаты Каратэ WKF 2-ші орын иегері  Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Катешов М.Д

    

      Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінң  профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы  09-19.01.2024ж. күндері «Денсаулық» спартакиадасына әр факультетке жауапты болып жарыстың сәтті сапалы өтуіне атсалысты 

 

 

   

 

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде “Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі” пәнінен ҚР ЖОО арасында өткен пәндік олимпиадада Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының білім алушыларынан құралған команда жалпы командалық есепте 2-ші орынға ие болды. Осы сайысқа команданы дайындаған оқытушылар Ж.Қадырбаев пен Д. Батаев және командаға жетекшілік еткен Н. Шегенбаев.

   

"Алғашқы әскери технологиялық дайындық" пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және технологиялық оқыту. Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция