ТҮЛЕК ПЕН ТІЛЕК — 3

 

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 2024 жылғы бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімін қорытындылау күні.

Мерейлі күннің мәртебелі жиынын университет Басқарма төрағасы-Ректор м.у.а Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен ашты.

— Қытай Халық Республикасынан бүгін ғана жұмыс сапарынан оралдық. Бұл біздің университеттің болашағына арналған нәтижелі шара болды. Сиань, Шыңжаң қалаларындағы университеттермен тығыз байланыс жасап, академиялық ұтқырлық бағдарламасын енгізу, қытай тілін үйрену курстарын ашу бағыттары бойынша ауқымды тірліктердің алғышарты жасалды.

Сіздер бүгін ерекше сезімде тұрсыздар. Диплом сіздерге жарқын болашақ сыйласын, — деген Гүлжан Дәулетбекқызы оқуды үздік бітіргендерге ресми құжатын салтанатты түрде табыс етті.

Диплом табыстау құрметіне сондай-ақ, университет проректорлары, оқу орнымызбен серіктестік байланыс орнатқан мектеп басшылары, басқарма өкілдері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, үздік түлектер мен чемпиондар ие болды.

Салтанатты жиында Үрәлхан Сейілбекова, Хадиша Шалабаева сияқты белгілі әншілер мен өнер және білім факультетінің студенттері ән шырқап, күй шертті.