Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорық -музейі көрме ұйымдастырды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорық -музей қызметкерлері арасындағы меморандумға сәйкес студенттерге арнайы көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге оқу тәжірибесінен өтіп жатқан болашақ тарихшылар қатысты. Назарға ұсынылған артефактілер еліміздің өңтүстік өлкесінен табылып, жинақталған. Тас кезеңінен орта ғасыр кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды.

Шараның мақсаты жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау және дәріптеу болып табылады. Сондай-ақ, болашақ жас мамандарды археология саласын далалық қазба жұмыстарымен ұштастыра отырып, ұлттық мәдени құндылықтарымызды насихаттау. Студенттер көрмеден ерекше әсер алып, археолог мамандығының асқан төзімділікті қажет ететін сала екенін ұғынды. Ұлттық жәдігерлерді қолмен ұстап, ежелгі дүниеге жақындай түсті. Археологиялық тәжірибе жастардың есінде қаларлықтай мазмұнды әрі қызықты ұйымдастырылды.