Қытай сапары Вэньчжоу университетінде жалғасты

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректордың у.м.а. Гүлжан Сүгірбаева мен Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбековтің Қытайға сапары Вэньчжоу университетінде жалғасты.
Вэньчжоу университетінің негізі 1956 жылы қаланған, қаладағы бірегей кешенді оқу орны. 1933 жылы құрылған Вэньчжоу педагогикалық училищесімен 2004 жылы біріктірілген университетте ұлттық деңгейдегі 3 зерттеу платформасы, 35 министрлік және провинциялық деңгейдегі платформа және провинциялық негіздегі 4 инновациялық платформасы бар. Бүгінде оқу орнында барлығы 23 406 білім алушы бар.
Вэньчжоу университеті педагогикалық оқу орны болып табылады. Кездесу барысында қос тарап екіжақты әріптестік мәселелерді талқылап, ортақ мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілді.