Университет басшылығы Қытайдың Сиань Цзяотун университетінде ресми кездесуде

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректордың у.м.а. Гүлжан Сүгірбаева мен Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков бүгін Қытайдың Сиань Цзяотун университетінде ресми кездесуде болды.

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми делегациясымен сапар барысында болған кездесуде өзара ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Аталмыш жоғары оқу орнымен арадағы ынтымақтастық өткен жылы Сиань сапары барысында орнап, университетіміздің Жібек жолы университеттері Альянсына мүше болуымен жалғасқан болатын.

Осыған орай университет өкілдерін Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті Шань Вэньхуа, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу департаментінің директоры Лию Вэньфэн, Халықаралық білім беру мектебінің деканы Вэнь Гуан Жуй және басқа да лауазымды тұлғалар қабылдады.

Білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, жазғы мектеп аясында өзара алмасуларды жүзеге асыру мәселелері кездесуде кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, докторанттарға бірлескен ғылыми жетекшілік, ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүзеге асыру және жоғары білім мен ғылым саласындағы басқа да ынтымақтастық мәселелері қозғалып, нәтижеге бағытталған жоспарлар нақтыланды.