«Жазғы мектеп — 2024» өз жұмысын қорытындылады

«Жазғы мектеп-2024»
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Жазғы мектеп — 2024» өз жұмысын қорытындылады.
Жобаның соңғы күнінде Финляндияның Хяме қолданбалы ғылымдар университеті үйлестірген «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» аясында жоғары білім бағдарламасын әзірлеу және силлабус құрастыру дағдылар бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен оқытушылар әріптестерімен пікір алмасты.
Педагогтерді трансформациялауға бағытталған бағдарлама шеңберінде филология, өнер және білім факультеттерінің оқытушылары арасында көкейтесті мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Атап айтқанда, мынадай сұрақтар төңірегінде ой қозғалды:
• Оқытушының студенттер бойында «тиімді» оқытуға деген әсер қалдырудың қадамы қандай?;
• Сыйластық үлгісінде құрылған оқу бағдарламасы инклюзивті оқыту ортасын құруда маңызды рөл атқара ала ма?;
• Студенттердің курс туралы нені білуі қажеттігін нақты да қысқаша түсіну олардың жетістікке жетуіне көмектесе ала ма?
Ал, Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың у.м.а, академиялық істер департаментінің директоры Дәулетбай Бердалиев оқытушыларға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесіне қатысыты, әсіресе студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау, сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз етудің сақталуы керектігіне баса назар аудару қажеттігін айтты.