МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

*Марапат

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының лаборанты Самат Өтеболатов пен музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы Жадыра Ахметова «Мәдениет саласының үздігі» атанды.

Ұлттық өнердің өкілдері ресми төсбелгімен бүгін №14 ғылыми кеңесте марапатталды. Сондай-ақ, мәжілісте орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Наталья Дмитрюк 2023-2024 оқу жылындағы ғылыми жұмыстарының жетістігін және оқу орнымызда ғылыми кадрлар даярлаудағы үлесі үшін арнайы марапатқа ие болды.