ЖАС МАМАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ДЕРБЕС БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу (жолдама беру) жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға бітіруші курс студенттері мен арнайы комиссия құрамы қатысты.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және ауыл квотасы бойынша білім алған түлектерді білім беру мекемелеріне жұмысқа орналастыру және өз күшімен жұмысқа орналасу құқығын беру мәселелері жиында кеңінен (жұмысты өтеу міндеттерінен босату ) талқыланды.
Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың у.м.а, академиялық істер департаментінің директоры Дәулетбай Бердалиев барлық қатысушыларды, ауыл квотасы негізінде бітіруші жас мамандарды ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына, ал мемлекеттік білім тапсырысы негізінде бітіруші жас мамандарды білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу тәртібімен таныстырды.