ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАЙДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қабылдау комиссиясы бүгіннен бастап өз жұмысын бастады.
Университет басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек комиссия мүшелерінің жұмысына сәттілік тілеп, түлектерге ережелер мен талаптарды сақтай отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ескертті. Басты талап — адалдық қағидаттарын сақтау болып табылады.
Баршагүл Қашқынқызы бұдан кейін педагогикалық мамандықтарға түсушілерге арналған арнаулы емтихан тапсырушылар аудиториясын аралап, жұмыс барысын қадағалады.