ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясы 20-маусымнан бастап өз жұмысын бастайтыны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Осыған орай бүгін университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек қабылдау комиссиясы мүшелеріне жиын өткізді.
Жиында Баршагүл Қашқынқызы комиссия мүшелеріне сыбайластыққа, оқуға қабылдау барысында жең ұшынан жалғасатын тірліктерге жол бермеуді талап етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұдан кейін қабылдау комиссиясының хатшысы Ләззат Байырбекова ережелермен таныстырып, биылғы өзгерістер мен ерекшеліктер туралы жан-жақты мәлімет берді.