«Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі — 2024» нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ 9 орында

*Сүйінші!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті оқу жылының соңын жемісті қорытындылауда. Кеше ғана оқырмандарымыздан университетімізде жаңа ғылыми диссертация ашылғаны туралы жағымды жаңалықпен бөліскен едік. Бүгін тағы бір қуанышты хабар орын алуда.
«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ өткізген «Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі — 2024» нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ 9 орынға ие болып, республикада жетекші жоғары оқу орындарының «Топ-20» енді.
Университет магистратура білім беру бағдарламаларының бағыты бойынша ЖОО институционалдық рейтингі 6В01 білім ғылымдары 2- орында! Тиісінше бакалавриат және докторантура білім беру бағыттары бойынша 3-орыннан көрінді.
Аталған рейтингтерге қатысу Қазақстанның білім беруінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары оқу орындарының танымалдылығы мен имиджін қалыптастыруда маңызды болып табылады. Бұл — республикада ең сенімді, деректерді обьективті уақытпен және қатаң тексерілетін рейтинг.