ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНА ПОЛКОВНИК ТІЛЕУХАН БАСҚОЖАЕВ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің әскери кафедрасына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, полковник Тілеухан Басқожаев іссапармен келді.

Университет Басқарма төрағасы – ректордың уақытша міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева ресми өкілге әскери кафедраның оқу-материалдық базасын және тыныс-тіршілігін таныстырды. Тілеухан Қалиұлы жуырда ғана жаңа ғимараты пайдалануға берілген әскери кафедра жұмысына оң пікір танытып, кафедра басшылығына оқу-материалдық базаны одан әрі күшейтуді тапсырды.