«Жазғы мектеп»

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өтіп жатқан «Жазғы мектеп» бағдарламасының кезекті тақырыбы «Конструктивтік білім – тұлға дамуының кепілі» деп аталды.
Тақырып аясы білім беру үдерісінде оқытудың нақты әдістерін қолдануды, құзыреттілікке бағдарланған ізденіс пен зерттеу әрекетіне негізделген оқытуды, бағалау әдістерін таңдау барысында критерийлерді сынды бағалаудың тиімді жүйесін пайдалануды, инклюзивті білім берудің негізгі принциптерін қолдануды дамытуға арналды.
Бағдарлама тарих және педагогика, физика-математика факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамы арасында өтті.