ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМШАРТЫ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен ынтымақтастық келісімшарты туралы меморандумға қол қойылды. Университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева мен химия-биология бағытындағы НЗМ директоры Балқан Қасымов әріптестік серіктестік аясында атқарылатын жұмыстарды нақтылады.

Келісімге сәйкес студенттер НЗМ базасында жыл бойы сабақ процесінен ажырамай, педагогикалық практикадан өтіп, университет ғалымдары НЗМ мұғалімдерін ғылыми-зерттеу бойынша сүйемелдеу жобасы қарастырылған.

— Білім берудің жаңа бағдарламаларын жүзеге асыруда бұған дейін де бірлесіп жұмыс істеп келдік. Бала оқытудың жемісін көрсетіп жүрген педагогтар енді зерттеу жұмысымен де айналысатын уақыт жетті деп ойлаймыз. Университет пен НЗМ-нің білім беру ресурсын біріктіру, тәжірибе мен теорияны ұштастырудың бәсекеге қабілетті педагог даярлауда пайдасы мол, - дейді қос тарап.