ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігіне байланысты жиын өтті.

Басқосуда сала ардагері Айпабаев Оразалы университет қызметкерлеріне еңбекті қорғау, оның қауіпті факторлары туралы жан-жақты түсінік беріп, дәріс оқыды.

Қатысушылар еңбек қауіпісіздігі жағдайында денсаулық пен өмірін, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, санитарлық-гигиеналық жағдайды ұйымдастыру, техникалық алдын-алу іс-шаралары бойынша құнды деректерге қанықты.

Жиын соңында басшылар мен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты мамандар білімін тексеруге арналған тест сұрақтарына жауап берді.