СТУДЕНТТІҢ «SMART BESIK» ЖОБАСЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті физика-математика факультетінің физика-информатика білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс студенті Нұрман Ердәулет республикалық сайыста жеңімпаз атанды.
Оның «Информатика» бағыты бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары байқауына ұсынылған «Smart Besik» атты ғылыми жобасы II –орынды иеленді. Ғылыми жоба STEM білім беру технологиясы бойынша орындалған. Жобада бесіктің тарихы мен маңызы, киелі мүліктерді жасау жолдары зерттеліп, электронды құрылғы Android Studio мен мобильді қосымшаларды ингерациялау арқылы заманауи үлгіде тербететін, бесік жырын айтатын және қашықтықтан басқара алатын электронды бесіктің прототипі ұсынылған.
Жоба жетекшісі — «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Лаура Сүлейменова.