Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының басшысы Рысгүл Құдретуллаева қонақта

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова мен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының басшысы Рысгүл Құдретуллаева келіп, оқу орнына биыл алынған зертхана жабдықтарымен танысты.

Дүниежүзілік банктің инклюзивті білім беру бағдарламасын қолдауымен алынған жаңа жабдықтар университеттің физика, информатика, химия-биология бағытындағы пәндерді оқытуды қамтиды. Ақпаратты техникалар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын заман талабына сай оқытуға арналған.

Қонақтар алдымен университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаеваның баяндауымен зертханалардың зерттеу бағыттары, орындалып жатқан ғылыми жобалар туралы мәліметпен қанықты. Содан кейін зертхананың зерттеу жұмыстарымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Ғылыми-зерттеулер барысында пайдаланылатын шетелдік құрал-жабдықтар мен қондырғылар, олардың көмегімен қолжеткізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері назарға ұсынылды.