ТАБИҒАТТАҒЫ СТУДЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жаратылыстану факультеті, география кафедрасының 3 курс студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтбаев музейінде тәжірибеден өтуде. З.К. Мырзалиеваның жетекшілігімен өтіп жатқан тәжірибе кезінде болашақ педагогтар Алматыдағы университеттердің білім беру бағдарламасымен, биология музейімен, зертханалармен танысты. Географ ғалымдардың лекцияларын тыңдап, пікір-талас, диалог жүргізілді.
Тәжірибе алмасудың палеонтологиялық, антропологиялық бөлімінде ежелгі фауна, флоралармен танысты. Тарихи-мәдени жәдігерлер туралы құнды деректерді зерттеу үшін фото, видеоға түсірді. Ал, дала практикасы Көлсайдағы Таушелек демалыс орнында өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ кафедра доценті, п.ғ.к. Қасенов С.К. техникалық құрал-жабдықтармен таныстырып, гидро-метеорологиялық бақылау жасады. Жергілікті жерде өлшеу жұмыстары жүргізіліп, топографиялық карта кескінделді.
Студенттер сондай-ақ, Медеу-Шымбұлақта, Іле Алатауы ұлттық саябағындағы Есік көлі, Түрген өзеніндегі Үлкен Аюлы сарқырамасында болды. Мұнда биіктік белдеудегі өсімдік түрлерімен танысып, өзен аңғарының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеді. Осы жердегі туристік-рекреациялық аймақтар фото, видеоға түсірілді. Ал, ботаникалық саябақта «Жапон бағы» және дәрілік өсімдік түрлерімен танысты