«Жазғы мектеп» жұмысы басталды

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да академиялық істер департаментінің ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы арасында оқыту семинары өткізіледі. Семинар 11-20 маусым аралығында болмақ.

«Жазғы мектептің» бірінші күні оқытушы мен білім алушылар арасындағы міндеттер мен күтілетін нәтижелерді белгілеп беретін құжат ретінде силлабустың маңыздылығы, оның құрылымы мен мазмұнын дұрыс құрылымдау қарастырылды.

Сонымен қатар, студенттің орталықтандырылған оқытуға көшуі, бағалау жүйесі, оқыту мен оқу әдістері, оқыту нәтижелері мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандарт аясында сұрақтар талқыланды