«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

*Үздік студент

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ физика-математика факультетінің студенті Жанэл Әбдікәриева республикалық «Қазақстанның үздік студенті» байқауына қатысып, жеңімпаз атанды!

Аталмыш байқау ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Жанэл бұл сайысқа өзі қатысқан қоғамдық іс-шаралар мен білімі туралы жетістіктерін айғақтайтын барлық марапаттарын ұсынды. Нәтижесінде үздік деп танылып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.