НЗМ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫН БІРЛЕСІП ЖАСАУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Жуырда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен ынтымақтастық келісімшартын орнатқанын хабарлаған болатынбыз.
Келісімге сәйкес студенттердің НЗМ базасында жыл бойы сабақ процесінен ажырамай, педагогикалық практикадан өтуі мен университет ғалымдарының НЗМ мұғалімдерін ғылыми-зерттеу бойынша сүйемелдеу жобасы қарастырылған болатын. Осыған орай университеттің Ғылыми істер және инновация жөніндегі проректоры Ержан Керімбеков НЗМ мұғалімдеріне ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жасау жөнінде семинар өткізді. Семинарда университеттегі ғылыми-зерттеу жобаларға мұғалімдердің қатысуы, бірлесіп жұмыс істеу идеялары талқыланды.