СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВҚА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

Ертең Созақ ауданы әкімдігі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетімен бірігіп Алаш қайраткері Сұлтанбек Қожановқа арналған республикалық конференция өткізбек.
Осыған орай, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға бүгін белгілі ғалымдар келіп, мемлекет және қоғам қайраткері туралы ой бөлісті. Атап айтқанда, жазушы, т.ғ.к. Бейбіт Қойшыбаев, ф.ғ.д, профессор Дандай Ысқақұлы ұлт тарихында ерекше орны бар тұлға туралы тағлымды сыр шертті.
«Түркістан республикасын бөлу туралы идеяның астарында қазақты жою, түркі елдерін ыдырату саясаты тұрғанын терең болжап, оған қарсы тұра білген Алаш қайраткері өзінің бағасын әлі тарихтан алған жоқ» дейді ғалымдар.
Қонақтар бұдан кейін ой сабақтастығын ұлт үшін туған тұлға Өзбекәлі Жәнібековпен жалғастырды. Қазаққа қалай қызмет ету тұрғысында пікір бөлісіп, естеліктер айтты.