УНИВЕРСИТЕТКЕ BMG UPSKILL КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Елімізде жоғары оқу орындарының академиялық әлеуетін нығайту үшін студенттерге Coursera платформасында қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстары жандануда. Бұл Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей қолдауымен жүзеге асуда.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға BMG UpSkill компаниясының өкілдері келіп, аталмыш бағдарламаға сай ақпараттық жұмыс жүргізу және кері байланыс жасау мақсатында кездесу ұйымдастырды. Кездесуде білім алушылардың платформада оқу үдерісі және оқытушы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Компания өкілдері жиынға қатысушыларға жан-жақты ақпараттар түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Шараны университеттің академиялық департаменті ұйымдастырды.